gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында мақтаның 1 тоннасы — 374 мың теңге

14 сентября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында мақтаның 1 тоннасы — 374 мың теңге
Share on FacebookShare on Twitter
Еліміздегі ақ мақтаны өсіретін бірден бір өңір — Түркістан облысында мақта терімі басталды. Биыл облыста мақта дақылының егіс көлемі 126,3 мың гектарды құрады. Бұл жалпы егістіктің 15 %. Шитті мақтаның түсімділігі гектарынан 27,3 центнерден 333,4 мың тонна жиналады деп болжануда. Бүгінгі күнде Жетісай, Мақтаарал аудандарында жиын-терім жұмыстары қарқынды жүргізілуде (2,1 мың га, 19,7 ц/га 4,1 мың тн). Қолда бар 595 бірлік комбайндардың 92%-ы жиын терім жұмыстарына дайын. Жалпы бұл салада 25 мыңнан астам агроқұрылымдар еңбек етеді.
Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді және Ливерпуль мақта биржасының Индексіне сәйкес белгіленеді. Өткен жылы шитті мақтаның тоннасы 320 мың теңгеден қабылданды. Бұл өз кезегінде мақта шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдардың әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізді.
Бүгінгі күнге мақта бағасының 1 тоннасы 374 мың теңгені құрады.
Шитті мақтаны қабылдау үшін 18 мақта өңдеу зауытының 209 бірлік мақта қабылдау бекеттері жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күнде зауыттар тарапынан тауар өндірушілерге жиын-терім жұмыстары үшін 150 – 250 мың теңгеден алдын ала төлем жасалуда.
Мемлекет тарапынан күзгі жиын терім жұмыстарына 48 мың тн. жанар-жағар май (бағасы нарықтан 15-20 % төмен) және 522 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50 %-ын субсидиялауға бюджеттен 6 млрд.тг субсидия қаржысы бөлінді. Сонымен қатар 653 түрлі өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 521,4 млн.теңге қаржы қаралса, агроқұрылымдардың сатып алған тұқымының құнын арзандатуға 600 млн. теңге қаржы бөлінді.
Previous Post

Түркістан облысында «Мәшһүр Жүсіп» ауылы құрылады

Next Post

Сайрамда 30 мың тоннаға жуық алма жиналады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz