gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сайрамда 30 мың тоннаға жуық алма жиналады

15 сентября, 2022
in Қоғам
0
Сайрамда 30 мың тоннаға жуық алма жиналады
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданы аумағында 2073,6 гектар жерге көп жылдық жеміс салу жасындағы шекілдеуік пен сүйекті жемістер көшеттері егілген. Оның ішінде алма баулары 1657,7 гектарды, алмұрт баулары 77,8 гектарды, сары өрік баулары 173,3 гектарды, шие баулары 88,9 гектарды, шабдалы баулары 27,8 гектарды, қара өрік баулары 48,2 гектарды құрайды. Жеміс бауларының 401 гектары қарқынды интенсивті өнеркәсіптік    баулар.  Жалпы алма баулардың 70пайызы өнімі қысқа сақталатын баулар болып табылады.

Мақаланы жазу барысында Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауыл округінде алма өсірумен айналысатын кәнігі бағбан Икрамжан Розақұловпен тілдескен болатынбыз. Ол 2003 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келеді. Қазір Икрамжан Розақұловтың бауында алманың «Голден Делишес», «Старкримсон», «Мелба», «Бес жұлдыз» деп алатын түрлері бар.

—Мені бағбаншылық кәсіпке өзімнің әкем мен қайын атам баулыды. Алғашқыда 70 соттық жеріме Өзбекстаннан 700 түп алма көшетін әкеп ектім. Кейіннен баудың көлемін 2,5 гектарға дейін ұлғайттым. Сол кезде қайын атам мені Самарқандағы ауыл шаруашылығы институтына апарып, оқу орнының өнімдерімен таныстырды. Ол жерден бірнеше көшетін ала келдім, — дейді бағбан.

Бағбанның алма бауындағы бір түпте бес түрлі алма өсіп тұр. Оның бірі жаздық, екіншісі күздік, үшіншісі қыстық. Икрамжан Розақұловтың айтуынша, бір түпке тіпті 10 түрлі алманы будандастыруға болады. Тек мұндай әдісті тамыз бен қыркүйек айларында жасау керек. Ол үшін алдымен жемістің бұтағын кесіп алып, оны алма бұтағының қабығы аршылған жеріне ауа өтпейтіндей етіп мықтап бекітеп, сыртынан орайды.

Бағбан мемлекет тарапынан қолдау болса, шабдалы өсірер едім дейді.  Ресейде шабдалы өсірудің қыр-сырын жетік білетін бағбандар бар. Ол солардан дәріс алып, тәжірибе жинақтағысы келеді. Қазір әлемде шабдалыны экспорттаудан Испания мемлекеті алда келеді. Одан кейінгі орынды Қытай алады. Өзбекстанның өзі бұл өнімді өндіруден бесінші орында тұр. Ал, Қазақстанда шабдалының көнеден келе жатқан екі-үш түрі өсіріледі. Оның бізге таңсық сорттары өте көп. Соларды өсіріп, кәсібімді ұлғайтсам, — дейді Икрамжан Розақұлов.

Диқан биыл жаздың ыстық болуына байланысты алмалардың мерзімінен ерте піскенін айтады. Жалпы Қарабұлақта бағбаншылықпен айналысатындардың қатары жетіп артылады. Мұнда аумағы 35-40 гектарды құрайтын алма бауы бар. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бұл жеміс беретіні ғана. Әлі жеміс бермеген, көшеттерін жаңадан отырғызған алма баулары бұдан да көп.

Сала мамандарының мәлімдеуінше, осы жылы ауданда 30 мың тоннаға жуық алма жиналатын болады.

Previous Post

Түркістан облысында мақтаның 1 тоннасы - 374 мың теңге

Next Post

Арыста тағы бір жаңа шеберхана ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz