gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды диқандармен кездесті

19 сентября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Дархан Сатыбалды диқандармен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter
Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі мәселелерді ашық талқылау мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаруалармен кездесті. Оларды жеке-жеке тыңдап, ұсыныс-пікірлерін ескерді. Басқосу барысында ағын су жетіспеушілігінен туындайтын проблемалар, ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау мен несиелендіру, жер мәселесі, минералды тыңайтқышты уақытылы жеткізу, мақтаның нақты бағасының белгіленуі жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ ветеринария саласына реформа жүргізіп, дербес басқарма ретінде дамытуды ұсынды.
Шаруаларды алаңдатқан мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. Олардың талабын мұқият тыңдаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әрбір мәселеге жіті назар аударатынын жеткізді. Жауаптыларға бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Мақта бағасының белгіленуіне орай ірі зауыт иелерімен келісімге келуге кірісті.
– Ауыл шаруашылығына қажетті ағын су мәселесі шешуде кешенді шаралар қабылданған. Бүгін саладағы қиындықтармен бетпе-бет келіп отырған шаруалардың үніне құлақ түріп, арыз-шағымдарыңыз бен ұсыныс-тілектеріңізді тыңдап, олардың шешу жолдарын қарастыру үшін жиналып отырмыз. Мәселелер белгіленген тәртіп пен заң аясында шешіледі, – деді Дархан Сатыбалды.
Шиттi мақта –тоқыма өнеркәсiбi, май өңдеу, гидролиз, химия және басқа да салалары үшiн қажеттi шикiзат. Еліміз бойынша мақта өсіретін бірден-бір өңір саналатын Түркістан облысында мақта саласы негізінен экспортқа бағытталған. Сондықтан баға саясаты да сыртқы нарықтағы өнімге сұраныс негізінде қалыптасады. Жыл сайын өңірде 70 мың тоннадай мақта талшығы өңделсе, ішкі нарықтағы сұраныс 20 мың тонна. Өңірде өндірілетін мақта талшығының жоғары сұрыптары Түркия, Ресей мен Еуропаға экспортталады. Мақта дақылын өсіру үшін тыңайтқыштарға мемлекет тарапынан субсидия беріледі.
Облыс әкімі оның дер кезінде берілуін қатаң қадағалауды тапсырды. Сонымен бірге, болашақта мақтаны облыс ауамағында өңдейтін өндіріс орындарын ашу жолдарын қарастыруды жүктеді. Басқосуда шаруалардың мәселелерін шешуге атсалысатын арнайы қауымдастық құрып, жер дауларына қатысты комиссия құру жайлы айтылды. Оның құрамына диқандар кіреді.
50-ден астам шаруаны тыңдаған аймақ басшысы әкімдік тарапынан агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бағытталған іс-шаралардың кезең-кезеңімен жүргізілетінін қаперге салды. Және сындарлы диалог орнату арқылы ортақ мәселелерді бірлесіп шешетіндігін айтып, аудандардағы халықпен кездесу кездерінде шаруалармен бірге ортақ мәселелерді бірлесіп қарайтынын жеткізді.
Previous Post

Сайрамда 3993,3 гектар алқапқа картоп егілді

Next Post

Мақсатына сай пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz