Сайрам ауданы бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1276,3 шқ, құрайды. Оның ішінде аудандық маңызы бар КSRХ-3, KX-3 Қожақорған-Нұржанқорған , КХ-40 Жібек Жолы-Машат , КХ42, КХ-3 Ақбұлақ, КХ-83 Өтеміс, КХ-146 с.Теспе автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, Сайрам ауданы аумағындағы елді мекен көшелері 616 дана 951,7 шқ құрайды. Оның530,3 шақырымы қанағатты (55,7%), 421,4 шақырымы қанағатсыз (44,3%).Аудан бойынша бірқатар жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында республикалық, облыстық, аудандық бюджет есебінен барлығы 575,9 млн.теңге қаржы қаралды. Тарқатып айтар болсақ, республикалық бюджеттен аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 345,5 млн.теңге қаралып, оған 13,1 шақырым ішкі жол (205,7 млн.теңге),12 көшеге орташа жөндеу және аудандық маңызы бар (136,4 млн.теңге) 3 жол 12,1 шақырым күрделі жөндеуден өтуде. Облыстық бюджет есебінен 221,2 млн.теңге қаржы қаралып, 1 нысан 5,4 шақырым (КХSR-3 Қожақорған-Нұржанқорған) күрделі жөндеуден өтуде.
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен облыстық маңызы бар КХ-38 «Әсіл Арық-Көлкент-Манкент» санаториясы а/ж 13-31,7 шақырымжолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС-і жүргізуде. Техникалық қадағалаушы мекеме «Оңтүстік жолдары» мекемесі. Келісім шарттың құны 636,1 млн. теңге. Нысан 2023 жылға өтпелі болып табылады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда аудандық маңызы бар 4 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар: КSRХ-3, KX-3 Қожақорған-Нұржанқорған, КХ42, КХ-3 Ақбұлақ, КХ-83 Өтеміс, КХ-146 Теспе және КХ-40 Жібек Жолы-Машат.
Республикалық бюджет есебінен аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуден өткізу жоспарға енгізілген. Қазіргі таңда 5 жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізугемемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды.Аталған аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 2 млрд 172 млн 375 мың теңге қаржы қаралды. Реті келгенде айта кетейік “Ауыл-Ел бесігі” бағдарламасы бойынша салалық басқармаға 17 елді мекендегі ішкі көшелердің орташа жөндеу жұмыстарына 808 млн 520 мың теңгеге республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім жолданды. Сонымен қатар, аудандағы жолдардың сапасын арттыру үшін, келісімшарт жасауға бюджет есебінен қажетті 15,0 млн. теңгеден 5,0 млн. теңге қарастырылды. Аудандық маңызы бар автомобиль 140,5 шқ жолдарын күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 16 млн теңге қаржы қаралып, жеңімпаз мердігер мекемесін айқындау үшін, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.