gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құрылыс пен аббаттандыру жұмыстары үйлесімді атқарылуы тиіс

2 октября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Құрылыс пен аббаттандыру жұмыстары үйлесімді атқарылуы тиіс
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістандағы жаңа тұрғын үй кешендері мен жаңа нысандардың құрылысы бір сәтке де тоқтамауы керек. Ол үшін облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, инфрақұрылым, құжаттандыру мәселелері назарда болады. Шаһардағы құрылыс нысандарын кезекті рет аралаған облыс әкімі Дархан Сатыбалды мердігерлермен кездесіп, жұмыстарды ширатуды тапсырды. Әр нысанның жұмыс барысын бақылап, кестеден кешікпеуін қадағалады.
– Құрылыс барысында кездесетін кедергілерді айтыңыздар. Саралап, әкімдікке тиісті мәселелерін жедел шешуге әзірміз. Тұрғын үй құрылысы өз уақытында аяқталғаны жөн. Өйткені абаттандыру жұмыстары да жоспарға сай жүргізілуі керек. Құрылыс пен абатандыру жұмыстары үйлесімді атқарылуы тиіс, – деген Дархан Сатыбалды әрбір нысандағы жауапты мердігермен сөйлесті. Отандық құрылыс материалдарына басымдық беруді тапсырды.
Өңір басшысы «Turan» футбол академиясының құрылыс барысымен танысты. Облыс футболын дамытып қана қоймай, республикалық деңгейде оқу-жаттығу орталығына айналатын бұл нысан жеке инвестор есебінен салынып жатыр. 10 футбол алаңы, 300 орындық қонақүйі бар. Футбол алаңдары іске қосылуға дайын. Жалпы жоба 2024 жылы толық жүзеге асады деп жоспарланған. Дегенмен инфрақұрылымы реттелсе, жоба ертерек аяқталуы мүмкін. Облыс әкімі инфрақұрылым мәселесін реттеуді тапсырды.
Бүгінде облыс орталығында жеке инвесторлар есебінен салынған тұрғын үйлер саны артқан. Өңір басшысы солардың бірқатарына барды. Атап айтсақ, «Feb Turkestan», «Yassy Green House», «Park View Residence», «DEL&Invet» және өзге де компаниялар салған тұрғын үй кешендерін аралап көрді. Түрлі сәулет үлгісінде салынған үш қабатты үйлер және коттедждер Түркістанның ажарын аша түспек. Облыс әкімі әрбір үйдің құрылысы талапқа сай болуын ескертті. Бүгінде шаһарда бірнеше тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Олардың біразы қазан айында тапсырылса, бірнеше тұрғын үй кешені жыл соңына дейін иелелеріне берілмек.
Previous Post

Түркістан қаласының алғашқы гастрокартасы таныстырылды

Next Post

Түркістанда кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 4844 адам жұмыспен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz