gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістанда кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 4844 адам жұмыспен қамтылды

3 октября, 2022
in Қоғам
0
Сайрамдық кәсіпкер жұмысшыларына 400-700 мың теңге жалақы береді
Share on FacebookShare on Twitter

  Түркістан қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы қарқынды түрде қолға алынды. «Бүгінге дейін аталмыш бағдарлама аясында 4844 адам жұмыспен қамтылды», — дейді сала мамандары. Тарқатып айтар болсақ, қазіргі таңда 2500 адам тұрақты жұмыс орындарына, 26 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 804 адам қоғамдық жұмыс орындарына жолдама алды. 363 жас маман жастар практикасымен жұмысқа орналасты. 24 тұрғын мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсіптерін ашуға кірісті. 35 адамға алғашқы жұмыс орындарына жолдама берілді. Сонымен қатар, 992 адам бастау бизнес жобасына қатысты.

Соңғы уақытта дәл осы бизнес бастау жобасына көптеген өзгерістер енгізілуде. Солардың бірқатарына тоқталсақ. Мәселен, сала мамандары мемлекеттен қайтарымсыз 1 млн, 200 мың теңге алудың жолдары жеңілдегенін айтады. Кәсібін ары қарай дөңгелеткісі келетін  азаматтар бұдан былай 21 күн емес, бар болғаны 1 аптаның ішінде «Бастау бизнес» жобасы аясында білім ала алады. Сондай-ақ, оларға енді  құжат арқалап кеңсе аралаудың қажеті жоқ. Мұндай шаралардың барлығын бизнес.enbek.kz порталы арқылы онлайн форматта, үйден шықпай-ақ атқаратын болады.

Содан кейін кәсібін ашқысы келетін дәрістеріне де онлайн қатысып, мамандардан кеңес ала алады. Оқуды аяқтағандар тест сұрақтардың 70 пайызына дұрыс жауап беретін болса, 3 жылға жарамды сертификатты иеленеді. Ал, бұл сынақтан өте алмай қалғандарға 1 жыл ішінде тесті қайта тапсыруға мүмкіндік бар.

Түркістан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Жолаеваның мәлімдеуінше,«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 298 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 256 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттары ұсынылды. Ал биылғы жылы кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі жоспар көрсеткіші еселеніп, 360 азаматты онлайн форматында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және 273 азаматтың бизнес идеяларын қаржыландыру көзделіп отыр.

Яғни, биыл жыл соңына дейін 273 адам кәсіпкерлік бағытта білім беріліп, мемлекеттік грантты қалай қатысуға болатыны жөнінде кеңес айтылады. Үміткерлер үшке бөліп оқытылады. Жобаға қатысуға 29 жасқа дейінгі жастар, аз қамтылған отбасы мүшелері,атаулы әлеуметтік көмек алушылар,мүгедектер,өзге өңірден қоныс аударушылар мен асыраушысынан айырылғандар өтініш бере алады.

Previous Post

Құрылыс пен аббаттандыру жұмыстары үйлесімді атқарылуы тиіс

Next Post

Түркістан жасыл желекке орануда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz