gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент сайлауы – Жаңа Қазақстан үшін маңызды қадам

5 октября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент сайлауы – Жаңа Қазақстан үшін маңызды қадам
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданының орталығында орналасқан «Ақалтын» мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттары мен көпбалалы аналар ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттауға бағытталған жиын өтті. Келелі басқосу барысында аудандық мәслихат депутаттары баяндама жасады.

Мәжілісте сөз алған азаматтар Жолдау аясында атқарылатын жұмыстар мен Президент сайлауының маңыздылығы жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты мен саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігі айтылды.

Жолдауда атап өтілгендей, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, халыққа арнаған үндеуінде бетбұрыс кезең «елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетінін» атап көрсетті. Президент сондай-ақ, сайлаудың қатаң түрде заңға сәйкес өтетінін айтып, барша халықты азаматтық жауапкершілікті сезініп, заң мен тәртіпті қатаң ұстануға шақырды.

Бұл сайлаудың тарихи маңызы – ең көп дауыс жинаған үміткер Президент лауазымында бір мәрте ғана отыра алады. Ал жеті жылдық мерзім тұрақтылықтың арқасында реформаны іске асыруға мүмкіндік береді. Мұндай қадам демократияның даңғыл жолына түсуде үлкен рөл атқарады. Жолдауда Қ.Тоқаев: «Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», деген болатын.

Қазіргідей геосаяси ахуал өршіген тұста бере¬келі қоғам құруымыз алдағы сайлауға тікелей байланысты. Осы орайда, жиынға қатысушылар алдағы Президент сайлауына барша тұрғындарды бір кісідей ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.

Previous Post

Түркістан мен Түркияның Мальтепе Муниципалитеті арасында "Достастық" меморандумына қол қойылды

Next Post

Президент сайлауы: Ұлттық волонтерлік желісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz