gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент сайлауы: Ұлттық волонтерлік желісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

5 октября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент сайлауы: Ұлттық волонтерлік желісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық волонтерлік желісі кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Бүгін елордада ұлттық волонтерлік желісінің жиыны өтті. Аталған жиында еліміздің волонтерлер қауымы 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан ұсынды.

«Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы волонтерлік саладағы барлық маңызды бастамаларды қолдап келеді. Сондай-ақ волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың қызметін және еңбегін жоғары бағалады. Президент волонтерлерге үлкен сенім артады, Мемлекет басшысының қолдауы бізді шабыттандырады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенім мандатымыз еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жемісін барша қазақстандық көріп отыр. Біздің Президентіміз волонтерлік қозғалысты қолдайды, ендеше біз де өз Президентімізді қолдаймыз», — деді ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде 200 мыңнан астам волонтерді қамтыған 600-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді.

Айта кетсек, Президент 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялау туралы бастаманы қолдады. Еріктілер дәрігерлермен және басқа қызметтермен бірге COVID-19 пандемиясымен күрестің алдыңғы қатарында болды. Волонтерлік жобалар кезінде пандемияның күрделі кезеңінде көрсеткен белсенділігі үшін 5 мың қазақстандыққа «Халық Алғысы» медалі тағайындалған.

Previous Post

Президент сайлауы – Жаңа Қазақстан үшін маңызды қадам

Next Post

Сарыағаш ауданында 900 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz