gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан сахнасында шетел әншілері екі күн бойы қазақ әндерін әуелетті

21 октября, 2022
in Жаңалықтар, Мәдениет
0
Түркістан сахнасында шетел әншілері екі күн бойы қазақ әндерін әуелетті
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан төрінде облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлттық мереке – Республика күніне орай 19-20 қазан күндері халықаралық «Voice of turan» қазақ әндері байқауы өтті.
Екі күні бойы әлем елдерінен келген қатысушылар қазақ әндерін шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, сонымен қатар еліміздің танымал жұлдыздары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ұлы Тұран даласын әнмен тербеген халықаралық байқаудың бірінші күні қатысушылар елімізге танымал эстрада әншілерімен бірге қазақ әндерін шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Екінші күні қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін бірге орындады. Содан соң байқау талабы бойынша қазақтың танымал әндерін орындап, қазылар алқасының бағасын алды. Әділ қазылар құрамында композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамеджанов, әнші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Медеу Арынбаев, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева, халықаралық ән байқауларының жүлдегері Жанар Дұғалова, дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері, Айгүл Қосанова, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Бекжігіт Сердәлі бар.
Қазылар алқасы шешімімен Грузия елінен келген Татия Кобаладзе Гран-при иегері атанды. Ал 1-орын Татарстаннан келген Ильгиз Шайхразиевқа бұйырды. Жүлделі 2-орынды Сербия елінен Стефан Здравкович пен Польша әншісі Михал Качмарек иеленді. Ал 3-орын иегері черногориялық Катарина Богичевич, Болгария мемлекетінің өкілі Христиана Данкова, өзбекстандық Навруза Махамаджанова атанды.
Түркиядан келген үміткер Сонгул Екан, Беларусь елінің қатысушысы Егор Шаранков және Қарашай-Шеркессиядан Мариана Алботова халықаралық байқау дипломанты атанды. Үздік оранжировка үшін Грузия елінен келген Татия Кобаладзе мен Польша әншісі Михал Качмарек марапатталды. Барлық жеңімпазға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Previous Post

Академик Мұқан Егізбаевты еске алуға арналған іс-шаралар өтті

Next Post

Президент cайлауы – бастаған реформаларды іске асыру үшін маңызды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz