gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай белсенді жастар марапатталды

22 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында Республика күніне орай белсенді жастар марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter
25 қазан — Республика күніне орай Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел» атты жиын өтті.
Елдікті дәріптеген игі шарада Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Нүркен Аралбеков сөз алып, өңірдің көшбасшы жастарын арнайы құттықтады.
– Республика күні – еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі. 25 қазанда еліміздің егемендігі туралы Декларация қабылданып, мемлекетіміздің ресми шекарасы белгіленді, дербес ел ретінде әлем картасына енді. Егемен еліміздің кемел келешегін нығайтуда жастардың рөлі ерекше. Өскелең ұрпақ бұл мерекенің қадір-қасиетін терең ұғынып, әрбір құндылықты көздің қарашығындай сақтауы қажет. Алдағы уақытта да білім мен біліктіліктеріңізді тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне арнап, аянбай қызмет ете береді деген сенімдеміз, — деді ол.
Салтанатты шара барысында Н. Аралбеков Республика күніне орай, түрлі салаларда елеулі еңбек сіңіріп, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген өңірдегі белсенді жастарды Алғыс хаттармен марапаттап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Марапат иелерінің қатарында Түркістан облысы бойынша қалалық, аудандық Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері бар.
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Жалынды жастар патриоттық әндер шырқап, мерекенің сәнін келтірді.
Previous Post

Ассамблея мүшелерінің қатысуымен Республика күніне орай дөңгелек үстел өтті

Next Post

Республика күніне орай Түркістанда «Жаса, жайна Қазақстан!» мерекелік іс-шарасы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz