gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өндірісті дамыту маңызды

31 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Өндірісті дамыту маңызды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысына барды. Хромтау ауданындағы «Акмэз» ЖШС май экстракциялық зауытына арнайы барып, өндіріс ошағының тыныс-тіршілігімен танысты.

Май өнеркәсібі бүгінде өсімдік майына деген сұраныстың артуына байланысты агроөнеркәсіптік кешеннің неғұрлым перспективалы және тез дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Дайын өнім қазақстандықтардың ғана емес, бүкіл әлемдегі сатып алушылардың тұтыну қоржынында ерекше орын алады.

Кездесу барысында Жигули Дайрабаев саланы дамыту үшін қолға алынуға тиіс бастамаларға тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде аграрлық салада тепе-теңдік жоқ. Кезінде ішкі өңдеуді дамыту үшін шектеулер енгізілген.

«Май экспортына енгізілген кез келген шектеулерді алып тастау керек. Осылайша отандық зауыттардың өндірістік жүктемесі артып, бәсекелестік орнайды. Сонымен қатар, күнбағыс тұқымдарының экспортын өндіріс көлемінің 40% деңгейінде белгілеген дұрыс. Бұл шара май зауыттары мен экспорттаушылар арасында ақылға қонымды бәсекелестік құруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді, өйткені кей жағдайларда квоталарды нақты май тұқымы жоқ компаниялар алып, үшінші компаниялар экспортқа жіберген. Өсімдік майы бағасының өсуіне байланысты май өңдеу саласында отандық өндірісті дамыту мәселесі өте өткір тұр», деді Ж.Дайрабаев.

Previous Post

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевқа 3 400-ден астам ұсыныс түскен

Next Post

Салтанат Тұрсынбекова көпбалалы аналармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz