gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Салтанат Тұрсынбекова көпбалалы аналармен кездесті

31 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Салтанат Тұрсынбекова көпбалалы аналармен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова елордалық көпбалалы аналармен кездесіп, өз құқығын қорғау бойынша түсіндірме берді.

Көпбалалы отбасылардың мәселелері бәріне белгілі: қиын қаржылық жағдай, баспана мәселесі, балаларды оқытуды ұйымдастыру, қарыз жүктемесі. Көпбалалы аналар кандидаттан осы және өзге де проблемаларды шешу жолдарын қарастыруды өтінді.

Салтанат Тұрсынбекова өзінің неліктен қоғамдық жұмыстарымен белсенді түрде айналысып жүргенін түсіндірді.

«Мен мемлекеттік органдардың қалай жұмыс істейтінін, қай тұстары ақсап тұратынын жақсы білемін. 5 жылдан бері ауылдарды, дағдарыс орталықтарын, отбасыларды қолдау үшін құрылған мекемелерді, Қарттар үйлерін, Балалар үйлерін, бас бостандығынан айырылған әйелдерге арналған түрмелерді аралап жүрмін. Мен біздің әйелдердің жасөспірімдерден бастап, қарттарына дейін не толғандыратынын жақсы білемін. Олардың қалай өмір сүріп жатқанын көрген сайын әрқайсысы үшін жаным ауырады. Ал мен жағдайды, қазіргі статус-квоны өзгерткім келеді. Мен үшін қоғамымыздың ең осал топтарына – көпбалалы аналарға, толық емес отбасындағы ата-аналарға, мүгедектерге, ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарына және басқа да қолдауды қажет ететін азаматтарға көмектесетін реформаларды жасағым келеді», деді С.Тұрсынбекова.

Previous Post

Өндірісті дамыту маңызды

Next Post

Лайықты өмір – лайықты жалақы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz