Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылының тұрғыны, ғасыр жасаған Әзтай Түкенбаева ҚР Президент сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
«Біз көптеген қиындықтарды көріп өстік. Сондықтан бейбіт өмірдің қадірін жақсы түсінеміз. Қазір тоқшылық заманда өмір сүріп жатырмыз. Аллаға мыңда бір шүкіршілік айтамын. Бұл күнді қой үстіне бозторғай ұя салған заман деп баға беремін» — деген ғасыр құрдасы елдің амандығын Алладан тілеп бата берді.
Сондай-ақ, Әзтай Түкенбаева Хантағы тұрғындарын сайлауға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.