Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылының тұрғыны, жас спортшы Нұрбек Нұрбаев алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.
«Мен бүгін алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Алғашқыда қатты қобалжыдым. Себебі, бұл мен үшін саясаи науқанға тұңғыш рет келуім. Содан өз таңдауымды жасадым. Елімізді жарқын болашаққа жетелейді деп сенім білдірген кандиатқа дауыс бердім» — деді ол.
Нұрбек Нұрбаев Түркия мемлекетінің Анталия қаласында Унифайт жекпе-жек спорт түрінен өткен Әлем кубогының жеңімпазы. Еліміздің мәртебесін асқақтатып жүрген спортшы қазіргі таңда Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде дене шынықтыру және спорт фкултетінің ІІ- курсында оқиды. Сондай-ақ, Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәжірибелі бапкер Қанат Аргимбаевтың тобында жаттығады. Самбо, дзюдо, қазақ күрестерін қатар меңгеріп бірнеше рет облыс жеңімпазы атанған ол, Республикалық турнирлерде де жеңіс тұғырынан көрінген.