gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Заңға енген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді

25 ноября, 2022
in Жаңалықтар, Заң
0
Заңға енген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласы прокуратурасының прокурорлары О.Жорабеков және Б.Абилкасымов Кентау қаласының жастарымен кездесті. Қалалық Жастар орталығында өткен басқосуда «Прокуратура туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кең көлемде түсіндірілді.

Биылғы жылдың 5-ші қарашасында «Прокуратура туралы» Конституциялық Заң қабылданып, бұған дейін қолданып келген заңның күші жойылды.

  1. Конституциялық Заңында Бас прокурорға Конституциялық Сотқа жүгіну құқықығы берілген. «Конституциялық сот туралы» Заңға сәйкес Конституциялық сотқа жүгіну құқығы Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ғана берілген. Бұл жерде Бас прокурор Конституциялық Сотқа нормативтік құқықтық актілер бойынша ресми түсініктеме беру үшін жүгіне алады.
  2. Конституциялық Заңы бойынша Прокуратура органдарына күшіне енген актілерді бағалау жасау құзіреті берілген.
  3. Сонымен қатар прокурорлар елден заңсыз шығарылған сырттағы активтерді қайтарумен тікелей айналысады. Прокурордың өкілеттігіне – қылмыстық жолмен алынған кірістерді шетелден қайтару мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру құқығы берілген.
  4. Конституциялық Заңы бойынша прокурорлық қадағалау актілерінің бірі прокурормен шығарылатын қаулылар мен нұсқаулардың саны артқан. Атап айтқанда, прокурор: жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы, күзетпен ұстау, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, сондай-ақ пробация есебінде тұрған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару жүйесінің органдары қолданған тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жою, лауазымды және өзге де адамның актісін немесе әрекетін тексеру не өтінішті қарау аяқталғанға дейін үш жұмыс күніне дейін тоқтата тұру, сот орындаушыларының заңсыз актілерінің күшін жою және прокурорлық қадағалау  актісін мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығарады. Заңда бұл қаулылардың барлығы міндетті түрде орындалуға жатады.

Ал прокурормен берілетін нұсқауларға тоқталсақ, әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеріс жүргізуге, атқарушылық іс жүргізуге, жазаларды орындауға, прокуратураның талабы бойынша жүргізілетін тексерулерге, сондай-ақ мемлекеттік  құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша да жазбаша нұсқаулар бере алады.

Жалпы Конституциялық Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнес, қоғам және мемлекет мүдделерін сақтауға бағытталған.

Previous Post

Мемлекет басшысының бастамалары мен реформаларын қолдаймын

Next Post

Кентауда 3000 астам ағаш көшеттері отырғызылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz