gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәріз жүйелері жаңартылады

13 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кәріз жүйелері жаңартылады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде өңірімізде тұрғындарды кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін арттыруға бағытталған жұмыстар көңіл қуантады. Қазіргі таңда облысқа аумағындағы қалаларды су бұрумен жабдықтау саласы бойынша 9 нысанға бюджет есебінен 7,1 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұйыртса бұл құрылыс жұмыстары биыл аяқталады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің мәлімдеуінше, Түркістан, Кентау, Арыс, Леңгір, Жетісай, Шардара қаласы тұрғындарының 33,2 пайызы кәріз жүйелерімен қамтылған. Одан бөлек Түркістан қаласында кәріздік-сорғы стансаларыбар.Халық санының өсу және құрылыстың жоғары қарқынын ескере отырып, рухани астанада қосымша су жабдықтары қуатын арттыру көзделіп отыр. Түркістан қаласында әкімшілік-іскерлік орталығы мен мәдени-рухани орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың және бюджеттік мекемелердің көптеп салынуына орай, жаңадан қуаттылығы 75 мың текше метрді құрайтын кәріз-тазалау нысандарының құрылысын салужоспарланып отыр. Бүгінде Ұлттық қор есебінен бөлінген 6,4 млрд. теңгеге тоғыз шағынауданды толық қамтитын6 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Былтыр Түркістан қаласы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан су арнасының» ғимараты салынып, пайдалануға берілген болатын. Бүгінде бұл мекеме 200 мыңға жуық тұрғыны бар шаһарды 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге қауқарлы. Құрылыс барысында 25 мың шақырымнан астам құбыр тартылып, Түркістан қаласындағы орталық су қоймасына қосымша 5000 текше метр резервуарлар салынған. Қаладағы барлық ескі және жаңадан бой көтерген ғимараттарға кәріз жүйесі жүргізілгенін айта кету керек.

Кентау қаласыныңда 80 пайызға жуық аумағы кәріз жүйелерімен қамтылған. Осыған орай қалада жаңадан қуаттылығы тәулігіне 8,5 мың текше метр кәріз-тазалау нысанының құрылысын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, жоба бойынша 3,5 шақырым магистральды кәріз коллекторы сарқынды суларды жинақтау тоғанының құрылысын салу қарастырылған.  Айта кетейік, Кентау – моноқалаларды дамыту бағдарламасына қосылған еліміздегі санаулы қалалардың бірі. Қалада инфрақұрылымдық жобалар қолға алынуда. Мәселен, Шұғыла аумағы, жаңадан бой көтерген шағын аудандар мен басқа да құрылыстар осы жоба аясында атқарылуда. Оның ішінде, кәріз жүйелерін жаңалау, жер асты суы деңгейін төмендету сияқты жұмыстар тыңғылықты жүзеге асырылуда. Әлі де кезегін күтіп тұрған мәселелер баршылық. Мамандардың сөзіне сүйенсек, мұнда 347 тұрғын үйдің 92-сі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Леңгір, Арыс, Жетісай және Шардара қалаларында да орталықтандырылған кәріз жүйелері жұмыс істейді. Оларды жаңарту жұмыстары көзделуде.Арыста коммуналдық мәселелер жыл сайын көңіл бөлуді талап ететіні баршаға белгілі. Сондықтан бұл мәселе үнемі бақылауда. Айталық, биыл «Саяжай-1», «Саяжай-2», «Саяжай-3» шағынаудандарына таза ауыз су жеткізілді. Сонымен қатар қала іргесінде орналасқан «Тараз» шағынауданы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта аталған шағынауданда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілу жоспарланып отыр.

Previous Post

Биыл еліміздегі мектеп әжетханалары толықтай ішке көшіріледі

Next Post

Жетісайда мал шаруашылығын дамыту қолға алынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz