gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайда мал шаруашылығын дамыту қолға алынады

13 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайда мал шаруашылығын дамыту қолға алынады
Share on FacebookShare on Twitter
Кәсіпкерлік қарқын алған жерде экономикалық өрлеу, адами капиталдың өсімі болады. Ал, рынокты тұтынушыларға қажетті, сұранысқа ие тауарлармен қамтамасыз ету – әлеуметтік тұрғыда елдің ахуалының жақсаруына алып келеді.
Сондықтан да, мемлекет басшысының бастамасымен жыл сайын кәсіпкерлер мен шаруаларға жасалатын мемлекеттік қамқорлықтардың қатары артып, берілетін несиелердің суммасы да көбейіп келеді.
Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Жетісай және Мақтаарал аудандарының кәсіпкерлерімен кездесіп, шикізатты қайта өңдеу, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері бойынша еркін форматта пікір алмасты. Мемлекеттік бағдарламалардың барысы таныстырылды
«Еліміздің барлық аймақтарында, оның ішінде Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Жеңілдетілген несиелер мен жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған қаржылардың көлемінің артуы – кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірушілердің арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға оң ықпал етері сөзсіз. Кәсіпкерлік дамыған қоғамда жұмыссыздық деңгейі төмендер, халықтың әл-ахуалы жақсаратын болады» деді облыс басшысы.
Жиын барысында негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тікелей байланысты ауданда қайта өңдеу саласына қажетті шикізаттың, нақтырақ айтқанда бау-бақша мен жеміс-жидектердің жеткілікті екендігі айтылып, мақта, жүгері, мал шаруашылықтарын дамыту, ағын суды үнемдеу тәсілдері кеңінен сөз болды. Ұсыныс-пікірлер талқыланып, сұрақтарға жауаптар берілді.
Айта кетейік, өткен жылы ауданның өнеркәсіп өнім көлемі 14 млрд 814 млн теңгені құраса, оның 7,6 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Ал, ауыл шаруашылығында 104 024,9 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, 19 мың шағын және орта бизнес субъектілерінде 21 186 адам жұмыспен қамтылған. Бизнес саласының өкілдері 65,5 млн теңгенің қызметін көрсетіп, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 13 113,5 млн теңгеге жеткен.
Previous Post

Кәріз жүйелері жаңартылады

Next Post

Кентауға жаңа жылу орталығы қажет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz