gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қайтарымсыз қаржы алып беремін: Кентауда тұрғындарды алдаған күдікті қолға түсті

13 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қайтарымсыз қаржы алып беремін: Кентауда тұрғындарды алдаған күдікті қолға түсті
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қалалық полиция бөліміне апалы-сіңлілі екі жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдердің айтуынша, олардың танысы «Кәсіпкерлікті қолдау қорынан қайтарымсыз 1 225 000 теңге алып беремін» — деп, сеніміне кіріп, әрқайсысынан 130 000 теңгеден ақша алған. Алайда берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай 1 жыл бойы түрлі сылтау айтып, созбалыққа салып жүрген.
Аталған жайтты кентаулық полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жан-жақты іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Нәтижесінде сезіктінің жүрген жері анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, күдікті бұрын жәбірленушінің бірімен әріптес болған. Сондықтан алаяқ жібірленушінің сеніміне оңай кіріп, теріс пиғылын іске асырған. Ол таныстарынан алған ақшаны бас пайдасы үшін жаратып жібергені. Күдіктінің бұдан басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы ретте Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мұқият болуды және түрлі жәрдемақы алуда немесе жұмысқа орналасуда күмәнді қызметтер ұсынатын адамдарға сенбеуге кеңес береді. Барлық іс-әрекетті заңды түрде жасауды ескертеді.
Previous Post

Өндірісі өркендеген Сайрам ауданында тың кәсіппен айналысушыларда көбейіп келеді

Next Post

Дархан Сатыбалды «Оңтүстік аудандардың дамуы, мұнда кәсіпорындардың ашылуы бақылауда болады»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz