gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл 47 елдімекеннің тұрғындары сапалы электр қуатын пайдаланады

15 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл 47 елдімекеннің тұрғындары сапалы электр қуатын пайдаланады
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылы 47 электрмен қамтамасыз ету құрылысына бюджеттен 7,1 млрд. теңге қаралған болатын. Бұл қаражаттың 361,4 млн. теңгесі ұлттық қордан, 3,5 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 3,2 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді. Бұйыртса, биылғы жыл соңына дейін 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қалған 7 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болады.

Одан бөлек, елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, 10/0,4 кВ электрмен қамтамасыз ету құрылысының 28 жобасын  және келесі ірі жобалардың құрылысын іске асыру үшін 2023 жылдың бюджеттік нақтылауында республикалық бюджет есебінен жалпы 13,9 млрд. теңгеге қаржыландыру ұсынылды. Соның ішінде 2023 жылға қажетті қаржы —   8,7 млрд. теңге.

«Түркістан қаласында жобаланып отырған 110 кВ қосалқы станцияларды пайдаланудағы 110 кВ желілермен сақиналау үшін 110 кВ электр өткізу желісін салу» жобасы «Орталық» ҚС-тан «Яссы» ҚС-қа дейінгіаумақты қамтиды. «Сметалық құжаттаманы түзету ЖЖ» жобасы іске асырылған жағдайда, Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы орналасқан әкімшілік ғимараттары, көпқабатты тұрғын үйлер, мәдениет, спорт орталықтары, әлеуметтік нысандар, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын тұрақты, сапалы электр энергиямен қамтамасыз етіледі. Оның сметалық құны — 4,4 млрд. теңге.

Сонымен қатар, «Ордабасы ауданында 220/110/10 кВ «Бадам» қосалқы станциясын салу» жобасы іске асырылған жағдайда, Ордабасы, Арыс, Отырар, Шардара аудандарындағы 320 мың тұрғындарын және Қазақ-Түрік индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын нысандарын төмен тарифті, сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету жоспарланған. Оның сметалық құны — 11,0 млрд. теңге.

Реті келгенде аудандарда тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтуға арналған шараларға тоқтала кетсек. Айталық, Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кенті мен Абай, Жаскешу, Жаңаталап, Жабағылы, Керейт, Т.Рысқұлов, Ынтымақ елді мекендерінде тозығы жеткен 782 электр бағанасы мен 32,55 шақырым электр желісі жаңартылды. Бұдан бөлек тозығы жеткен 5 трансформатор жаңартылып, электр қуаты төмен 2 елді мекенге қосымша 2 трансформатор орнатылды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Түлкібас аудандық электр желілері бөлімінің басшысыА.Досовтың мәлімдеуінше, ауданда тұрғындар тарапынан көтерілген үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, ескірген электр бағаналарын ауыстыру сынды мәселелер жоспарға сай рет-ретімен шешімін тауып келеді.

Ал, Сауран ауданында қуаты 220 кВ болатын «Орталық» қосалқы стансасы пайдалануға берілді. Бұл жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін және ұлттық энергетикалық жүйенің, әсіресе оңтүстік өлкесі секілді энергия тапшылығы бар өңірдің сенімділігін арттыра түсті. Икемді генерациялау режимі бар аралас циклді зауыттың құрылысы Қазақстан Республикасының энергетика жүйесіне жаңартылатын энергия көздерін біріктіру үшін қолайлы жағдай жасайды. Және Түркістан қаласы мен Сауран ауданы тұрғындарын сапалы электрмен қамтамасыз етеді. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев бұл жобаның өңірде энергия тапшылығын болдырмауда маңызы зор екенін, станса Түркістан энергия торабында электр энергиясын тұтыну айтарлықтай өсуіне байланысты салынғанын айтады.

«Түркістан қаласын дамыту бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі жол картасына» сәйкес, «Түркістан қаласын сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту, электр желілік объектілердің құрылысы» жобасын іске асыру «KEGOC» АҚ-на бекітілген болатын. Нәтижесінде «KEGOC» АҚ құрылысты 2019-2022 жылдары жүргізіп, стансаны пайдалануға берді. Қосалқы стансаға кернеуі 110 кВ және одан төмен жергілікті тарату электр желілері қосылады. Жоғарғы кернеулі 220 кВ «Орталық» қосалқы стансасы 220 кВ электр желісіне қосылып, қаланы сыртқы электрмен жабдықтаудың қажетті өткізу қабілеті мен сенімділігін қамтамасыз етті.

Стансада заман талабына сай озық технологиялар қолданылған. Энергетикалық нысанға «Яссы», «Солтүстік», «Коммунальная», «Сауран» қосалқы стансаларын және 50 МВт жылу энергия орталығын (ЖЭО) қосу жұмыстары жүргізілді. Қосалқы станса арқылы Түркістан қаласы мен Сауран ауданының 300 мыңнан астам тұрғыны, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысандары сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Құрылыс кезінде облыстың 100-ден астам тұрғыны жұмыспен қамтылса, қазір мұнда 10 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Previous Post

Дархан Сатыбалды: «Кәсіпорындарды көбейтіп, мақта шитінің сапасын жақсартамыз»

Next Post

Түркістан облысында 20 орталықтандырылған жылу қазандығы мен 1 жылу электр орталығы жұмыс істеп тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz