gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 20 орталықтандырылған жылу қазандығы мен 1 жылу электр орталығы жұмыс істеп тұр

15 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 20 орталықтандырылған жылу қазандығы мен 1 жылу электр орталығы жұмыс істеп тұр
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс көлемінде 7 аудан, қалада 20 орталықтандырылған жылу қазандықтары және 1 жылу-электр орталығы бар.Кентау қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Кентау Сервис» МКК №5-ЖЭО негізгі жабдықтарының тозу деңгейі 85 пайызды, ал жылу желілерінің тозу деңгейі 40 пайызды құрайды. Бүгінгі күні 6,6 км магистральдық жылу желілері мен 6 қазандықты және 1 турбогенераторды күрделі жөндеу бойынша, жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай жаңа 2023 жылдың алғашқы күнін коммуналдық қызмет саласының жұмысшыларымен кездесуден бастады. Кентау қаласындағы жылу орталығының жұмысын тексерді. Қысқы маусым кезінде басқа өңірлерде жылу мекемелерінде орын алып жатқан төтенше жағдайдың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.

Бүгінде Кентауда 100 мыңнан астам халық тұрады. Ондағы №5 жылу энергия орталығы қалыпты режимде жұмыс істеуде. Жылу беру температуралық кесте бойынша жүзеге асып жатыр. Орталықтандырылған жылуға қосылған 14 мың абонент бар. Барлығы толық жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның 106-сы бюджеттік мекемелер, 336 көпқабатты тұрғын үй, 2250 жеке сектордағы үйлер, 4 мыңдай коммерциялық нысан аталған орталықтан жылу алуда.

2022-2023 жылдары жылыту маусымын сапалы және үзіліссіз өткізу мақсатында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, №5 ЖЭО негізгі және қосалқы қондырғыларын, №7,8,11,12 қазандықтарын, №3 турбогенераторды ағымдағы жөндеуге қажетті қаржы қарастырылған. «Қазіргі уақытта ағымдағы жөндеу бойынша барлық жұмыстар толығымен аяқталған», — дейді сала мамандары.Сонымен қатар, 2022-2023 жылдардағы жылу маусымына қажетті 90 000 тонна қатты отын (көмір), 700 тонна сұйық отын (мазут) және 20 тонна дизельге келісімшарт түзілді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Кентаудағы №5 жылу энерго орталығының тозығы жеткен. Бұл нысан 1934 жылы салынған екен. Бюджеттен бөлінген қаражат электр стансалары мен жылу желілері жабдықтарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына ғана жететін көрінеді. Сондықтан, қазіргі таңда Кентаудан жаңа жылу орталығын салу мәселесі күн тәртібінде қаралуда. «Жаңа жылу энергоорталыққа қатысты екі жоба жасалған. Оның бірі – жылу орталығын табиғи газға қосу, екіншісі – жаңа жылу энерго орталығын салу», — дейді мамандар.

Previous Post

Биыл 47 елдімекеннің тұрғындары сапалы электр қуатын пайдаланады

Next Post

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың тұрғындармен кездесу кестесі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz