gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бәйдібекте бораннан бүлінген электр бағаналары қалпына келтіріліп жатыр

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Бәйдібекте бораннан бүлінген электр бағаналары қалпына келтіріліп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков жұмыс сапарымен Алмалы ауылдық округіне барды. Аудан әкімі боран салдарынан зақымданған нысандарда электр энергиясын қалпына келтіру бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі мамандарының жүргізіп жатқан жұмыстарын бақылады.
Аудандық электр жүйесі мекемесінің басшысы Мұқан Айнақожа Бәйдібек ата мен Алмалы елдімекенінің аралығындағы қыр беткейіндегі жазық далада құлаған бағаналарды ауыстыру бойынша техникалар бара алмай қиындық туындап жатқанын баяндады.
Ержігіт Шәріпбеков аталған аумаққа барып, мән-жайды толық көргеннен соң барлық мүмкіндікті пайдаланып, қосымша техника мен күштік құрылымды тарта отырып, жұмыс жүргізу жөнінде жауаптыларға тапсырма жүктеді.
Сонымен қатар аудан басшысы сала бойынша орынбасары Бағдат Жанғазиевке Алмалы, Борлысай ауылдық округі аумағындағы үскірік желдер салдарынан жабылған жолдарды жиі тазалануын бақылауға алуды тапсырды.
Айта кетерлік жайт, 2023 жылдың 3 қаңтары күні ауа райының күрт өзгеріп, бұрқасын дауыл мен қатты қардың салдарынан Бәйдібек ауданы аумағындағы жалпы 9 028 абонент жарықсыз қалған болатын.
Бүгінгі күнге дейін ақауды қалпына келтіруге ауданмен қоса алғанда облыс және басқа да аудандардағы «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің 21 бригадасы, яғни 125 маман мен 23 техникасы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Соңғы мәлімет бойынша 48 елдімекендегі 8 732 абонентке жарық беріліп, қалған 3 елдімекендегі 296 абонентке жарық беру жөнінде тиісті мамандар жұмыс істеуде.
Previous Post

Арыста балық өсірушілер көбеюде

Next Post

Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша сall-орталық іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz