gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлебиде 55 елді мекеннің 54-іне ауыз су құбырлары тартылған

22 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлебиде 55 елді мекеннің 54-іне ауыз су құбырлары тартылған
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Төлеби ауданы халқының саны 122 мыңды құрауда. Оның 48 мыңы экономикалық белсенді азаматтар болып табылады. Өңірде жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрап отыр. Халық үшін маңызды деп саналатын инфрақұрылым мәселесіқарқынмен дамып келеді. Қазіргі таңда ауданда табиғи газбен қамту мәселесі 88 пайызға жетіп отыр. Биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жол мәселесін  95 пайыздық қанағаттанарлық жағдайға жеткізу деп алда атқарар шаралардың бірі. Осы межеге жету мақсатында өңірде бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Айталық, бүгінде мұнда облыстық маңызы бар жолдарымыздың қанағаттарлық жағдайы 96 пайызды құрап отыр. Аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 90 пайыздан асты. Ал, ішкі көшелеріміздегі жолдардың қанағаттанарлық жағдайын 73 пайыздан 80-ге жетті. Биыл және келер жылыбұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу жоспарланған.

Ауыз су мәселесіне келсек, аудандағы 55 елді мекеннің 54-інде су құбырлары тартылған.Сала мамандарының мәлімдеуінше, қалған бір ауылға ауызсу құбырын жүргізу үшін құжаттар әзірленіп, жоба қаржыландыру үшін тиісті салалық  басқармаға ұсынылған. Қазіргі уақытта 52 елді мекенде ауызсу тәулік бойы ағып тұрса, екі елді мекенде арнайы кестемен беріліп келеді екен. Сондай-ақ, 5 елді мекендегі қайта құруды қажет ететін ауызсу құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен 837 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл 4 елді мекеннің ауызсуы пайдалануға берілсе, біреуінде тиісті жұмыстар биыл атқарылатын болады. Айта кетейік, кейбір ауылдың ауыз су торабы мен ауыз су жүйелері реконструкциялауды қажет етеді. Аудан әкімі Төлеген Телғараев  олардың барлығын 20 жылға жетерліктей етіп ауыстыру керектігін айтады. Мұның бәрі, әрине, бір жылда атқарыла салатын шаруа емес. Сондықтан, ауыз су құбырларын кезегімен жаңарту жоспарланған.

Аудан әкімінің халықпен кездесуінде тұрғындар инфрақұрылымға қатысты бірнеге мәселе көтерген болатын. Жол, газ, көше жарығына байланысты мәселелермен қатар жайылымдық жердің жетіспейтіні де айтылады. Әрине, жайылым тапшылығы өңірдегі күрделі проблема екені сөзсіз. Өйткені, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді, соған орай мал басы да көбейіп жатыр.

— Жайылым туралы заңға сәйкес әр малға белгіленген өзінің нормативі бар, сол нормативке сәйкес қарайтын болсақ, өте көп көлемде жер керек. Ондай жер табылмайды. Сол себепті, бар жайылымдық жерді тиімді пайдалануымыз қажет, — дейді аудан әкімі.

Айта кетейік, ауданда былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 180 пәтер салынып, оның 120-сы пайдалануға берілді. Мұнан бөлек, бес елді мекенде тұрғын үй салуға алқаптар бөлінген. Соған республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, сол елді мекендерді электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша желілер тартылды, сумен қамту үшін су құбырлары тартылды. Бұйыртса, биыл газ жеткізілетін болады. Болашақта бес елді мекенді қосып есептегенде 250 гектар жерге 1008 отбасы баспана тұрғызатын болады.

Былтырғы жылғы статистикалық деректерге сүйенсек, ауданда жер телімін алуға кезекте 7 мыңнан астам адам тұрса, тұрғын үй кезегінде 4,5 мыңға жуық адам тұр. Үймен бірінші кезекте әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларды қамту көзделген. Оның ішінде аз қамтылғандары, көп балалы аналар, жетімдер бар екенін айта кетейік.

Previous Post

Арыс қаласының тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізуде

Next Post

Жетісайда ауыл шаруашылығын дамыту жайы талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz