Қазығұрт ауданында 62 елді мекеннің 59-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 56 елді мекен орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылса, 3 елді мекен тіршілік нәрін бұлақ көзінен алуда. Атап айтар болсақ, олар: Қарабау елдімекені, онда халық саны – 70, Өгем елдімекені, онда халық саны – 72, Қырыққыз елдімекені, онда халық саны – 23. Сонымен қатар, 3елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Атап айтар болсақ, олар Қызылқия ауыл округіне қарасты Атажұрт елдімекені, Жігерген ауыл округіне қарасты Айнатас елдімекені және Қ.Әбдалиев ауыл округіне қарасты Жаңаталап елдімекені.
Сала мамандары биылғы жылы ауданда ауыз сумен қамтылған елді мекендер санын 61-ге жеткізу жоспарланған. Бұл 98,3 пайызды құрайды. Бұйыртса, 2025 жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделуде. Яғни, 2025 жылы ауданда ауыз сумен қамтылған елдімекендер санын 62-ге жеткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда ауданда осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Айталық, Жігерген ауыл округіне қарасты Айнатас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, (315372,681 мың теңге) сараптама қорытындысы алынды. Бүгінде «Алем –Строй» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұйыртса, биыл Айнатас елді мекенінің тұрғындары ауыз суға қол жеткізетін болады.
Сонымен қатар, Қ.Әбдалиев ауыл округіне қарасты Жаңаталап елді мекенін ауыз сумен қамту үшін 2017 жылы жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізілген. Алайда жер асты су қоры анықталмаған. Қазіргі күні елді мекен тұрғындары бұлақ су пайдалануда. Биылғы жылы аталған бұлақтың басына ағымдағы жөндеу жұмыстарын (каптаждау) жүргізу жоспарланған болатын. Қазір мұндай осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан бөлек Қызылқия ауыл округіне қарасты Атажұрт елді мекеніндегі жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жер асты су қорына қорытынды берілгеннен кейін нысанның жобалық сметалық құжаты әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
Ал, Қазығұрт ауыл округіне қарасты Қазығұрт елді мекеніндегі ауыз су қоймасының жобалық сметалық құжаты әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жжобаның жалпы құны 701 215,5 мың теңгені құрады. Биылғы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.
Төлеби ауданына қарасты Кемеқалған ауыл округінде 124 квартал, 108 участок мекен жайында «Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қоймасын салу жоспарланған. Жобаның құны 271 546,4 мың тенге болатын. Өткен жылы аудандық бюджеттен 29 830,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекеме анықталған-ды. «Агроспецмонтаж» ЖШС-і 1000 м3, 2-дана резервуардың орнын (котлован) қазып дайындап қойды. Сала мамандары нысанның құрылыс жұмыстарына қажетті қалған қаржыны республикалық және облыстық бюджеттен бөлдіру қажет екенін айтады.
Осы ретте «Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қойма құрылысы нысаны бойынша жоба іске асқанда 24-сағат ауыз сумен қамтылатын елді мекендерге де тоқтала кетейік. Қазығұрт ауданында Еңбекші, Рабат, Атбұлақ, Қ. Мамбекұлы, Шанақ, Ақжар, Қызылдала елдімекендер ауыз сумен қамтылады. Аталған елдімекендерде 12647 адам тұрады. 2529 тұрғын үй, 39 әлеуметтік нысан бар.
Ал, Төлеби ауданында Алтынбастау, Қаратөбе, Қарақия елдімекендері ауыз сумен қамтылады. Аталған елдімекендерде 1283 адам тұрады. 226 тұрғын үй, 7 әлеуметтік нысан бар.
Аталған жоба жүзеге асырылған жағдайда барлығы 13930 адам ауыз сумен қамтылып, 2755 тұрғын үйге, 46 әлеуметтік нысанға ауыз су жеткізілетін болады.
Айта кетейік, бүгінде облыстағы 831 елді мекеннің 719-ы, яғни 86,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елдімекен ауызсуды бұлақ көздерінен, 11 елді мекен ашық су көздерінен пайдалануда. Қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін ауыз судың орташа тариф құны – 64,97 теңге, бюджеттік мекемелер үшін – 125,3 теңге, өнеркәсіп және коммерциялық ұйымдар үшін – 129,5 теңге. Биыл 831 елді мекеннің 736-сын немесе 88,6%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.