Қазығұрт ауданында 62 елді мекеннің 49-ы табиғи газ тұтынады. Бұл көрсеткіш 79 пайызды құрайды. Сала мамандарының берген мәліметтеріне сүйенсек, аудан бойынша 20207 тұрғын үй бар, оның бүгінгі күнде 15449-ы (14122 (ҚазТрансГаз Аймақ АҚ), 1327 (ТұранГаз-7 ЖШС-ы)) табиғи газға қосылған. Жоғарыда айтып өткен 49 елді мекеннің 48-і көгілдір отырды пайдаланып отыр. Ал, бір елді мекен тұрғындары бұйыртса, биыл табиғи газға қол жеткізетін болады.
Ауданда газбен қамтылмаған әлі 9 елді мекен бар. Оның үшеуінде, атап айтар болсақ, Ызабұлақ, Ақжар, Шанақ елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, одан бөлек үш елді мекенде, атап айтар болсақ, Шанақ бекеті, Бақабұлақ, Ескі Шанақ елді мекендерінде тұрғындарды газбен қамтамасыз етуге арналған нысанның жобалық сметалық құжаты әзірленіп, бюджетке ұсынылды.
Сонымен қатар, биыл Еңбекші елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында жобалық сметалық құжат әзірлеуге 5000,0 мың теңге бөлінді. Сала мамандарының мәлімдеуінше, ағымдағы жылы ауданда газбен қамтамасыз етілетін елдімекендердің санын 49-дан 52-ге (83,8 пайызға) жеткізу, келер жылы 52-ден 55-ке (88,7 пайызға), ал 2025 жылы 55-тен 59-ға (95 пайызға) жеткізу жоспарланған.
Қазіргі таңда ауданда тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 4 нысанда құрылыс жұмыстары қолға алынған. Биылғы жылы құрылыс жұмыстары басталатын нысандарға да тоқтала кетейік. Қызылқия ауылдық округіне қарасты Айнатас елді мекеніндегі Келес өзенінің сол жағалауында орналасқан учаскені газдандыру және тартылатын газ құбырын салу нысаны бойынша (281959,98 мың теңге) сараптама қорытындысы алынып, салалық басқармаға ұсыныс берілді. 2023 жылға аудандық бюджеттен 2820,0 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, Шанақ ауыл округіне қарасты ескі Шанақ елді мекеніне тартылатын газ құбырын салу және газдандыру нысаны бойынша (266877,628 мың теңге) сараптама қорытындысы алынып, салалық басқармаға ұсыныс берілуде. 2023 жылға республикалық бюджеттен 100 000,0 мың теңге бөлінді. Ал, Шанақ ауылдық округіне қарасты Шанақ станциясы елді мекенін және Шарапхана ауылдық округінің Бақабұлақ елді мекенін газдандыру және тартылатын газ құбырын салу нысаны бойынша (279938,314 мың теңге) сараптама қорытындысы алынып, салалық басқармаға ұсыныс берілуде. 2023 жылға республикалық қазынадан 100 000,0 мың теңге бөлінді.
Қазығұрт ауданында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту мақсатында атқарылуы тиіст жұмыстар жетерлік. Бүгінде осы бағытта жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқан нысандарды да атай кетейік. Шарбұлақ елдімекеніндегі Желтоқсан көшесін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлеуге АБ 3364,3 мың теңге қаралды. «SK Best Spec Story KZ» ЖШС-ы жобалау жұмыстарын жүргізіде. Сонымен қатар, Сынтас елді мекеніндегі көшелерді табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлеуге аудандық бюджеттен 4527,7 мың теңге қаралды. «SK Best Spec Story KZ» ЖШС-ы жобалау жұмыстарын жүргізеді.