Бәйдібек ауданы аумағында автомобиль жолдарының ұзындығы 937,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар 25 шақырым автомобиль жолы толық (100 пайызы) асфальттанған. Облыстық маңызы бар 426 автомобиль жолының 410 шақырымы асфальт (96,2%), 16 шақырымы шағал тас (3,8%). Аудандық маңызы бар 116,8 шақырым жолдың 112,6 шақырымы асфальттанған (96,4%), 4,2 шақырымы тас жол (3,6%). Елді мекендер ішіндегі 369,5 шақырым көше жолдарының 236,3 шақырымын асфальт (63,8%), 113,5 шақырымын шағал тас (30,7%), ал 19,7 шақырымын топырақ жол (5,5%) құрайды.
2021-2022 жылдар аралығында республикалық бюджеттен бөлінген 758 млн. теңгеге ұзындығы 36 шақырым болатын облыстық маңызы бар КХ-7 «Бірлік-Екпінді-Шалдар-Сарқырама-Жолғабас-Кеңес» автомобиль жолына «СТ-СЕРВИС» ЖШС-нің тарапынан, ұзындығы 15,1 шақырым КХ-4 «Шаян-Жамбыл» автомобиль жолына «АлемТрансЖол» ЖШС-і тарапынан және КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32» автомобиль жолының 22 шақырымына «АлемТрансЖол» ЖШС-і тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
2022 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл елді мекеніндегі ұзындығы 6,8 шақырым болатын 6 ішкі көшелерінің жолдарына (Құнанбаев-18677,7 мың теңге, Кертайұлы-89614,5 мың теңге, Жағалау- 21401,6мың теңге, Айнақожа-54654,3 мың теңге, Бейбітшілік-4678,3 мың теңге, Уалиханов-31427,2 мың теңге) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Оған республикалық бюджеттен 220 453,6 мың теңге бөлінді.
Сонымен қатар, аталған жобасы аясында Ақбастау елді мекеніндегі 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 28 000,0 мың теңге бөлінді. Оның ішіндегі Ақбастау елді мекеніндегі Жастар көшесіне 34 965,3 мың теңге, Азаттық көшесіне 20 734,5 мың теңге, Молшылық көшесіне 39 562,6 мың теңге, Сейтқазы-2 көшесіне 24 308,8 мың теңге, Ынтымақ көшесіне 41 291,6 мың теңге, Теріскей көшесіне 36 838,7 мың теңге, Достық көшесіне 37 157,2 мың теңге, Бірлік көшесіне 61 323,0 мың теңге, Болашақ көшесіне 37 938,8 мың теңге, Теріскей-2 көшесіне 36 838,7 мың теңге, Талап көшесіне 14 091,4 мың теңге қарастырылды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «RRR Group 2018» ЖШС-і межеленген жұмыстарды жүргізуде.
Жалпы ауданда 2022-2023 жылдар аралығында облыстық бюджеттен бөлінген 427,3 млн. теңгеге Шаян елді мекеніндегі 3 көшеге, атап айтар болсақ, Әуезов(97 440,0 мың теңге), Шөкеев(165 888,0 мың теңге), Қарашаұлы (163 948,0 мың теңге) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Соның нәтижесінде анықталған мердігер мекеме «Пример Строй» ЖШС-гі және «ДостықСпецТранс» ЖШС-гі алдымен тиісті жұмыстарды қолға алған. Қазір «Пример Строй» ЖШС-гі тарапынан Шөкеев көшесіне, «ДостықСпецТранс» ЖШС-нің тарапынан М.Әуезов көшесінің жолына кеңейту жұмыстары жүргізілу үстінде.
Қаратас елді мекеніне кіре берістегі аудандық маңызы бар 7,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге әзірленген сметалық құжаттама бойынша есептелген қаржының құны 172,0 млн. теңгені құрады. Өткен жылы аталған жұмыстарға облыстық бюджеттен 50,0 млн. теңге қаралды. Ал,Қаратас-Теректі елді мекеніне кіре берісте автомобиль жолының 2,0 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге әзірленген сметалық құжаттама бойынша есептелген қаржының құны 44,8 млн. теңгені құрады. Өткен жылы оған облыстық бюджеттен 15,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазір аталған 2 жолда мердігер мекеме «KAPower» ЖШС-гі тиісті құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
2022 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 101,2млн теңгеге 2 елді мекендегі, атап айтар болсақ, Шаян, Қошқарата елді мекендеріндегі 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Айта кетейік, Қошқарата елді мекеніндегі Дүйсебаев көшесіне 49 167,0 мың теңге, Шаян елді Мыңбұлақ көшесіне 6 044,0 мың теңге, Жылқышиев көшесіне 12 157,0 мың теңге, Мүсірепов көшесіне 16 868,0 мың теңге, Жанаева көшесіне 4 938,0 мың теңге, Күлтөбе көшесіне 10 186,0 мың теңге жұмсалды.
Облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32» автомобиль жолынан — Жүзімдік елді мекеніне кіре берістегі 2,0 шақырым, КХ-2 «Ұланбел-Екпінді» автомобиль жолынан Тасқұдық елді мекеніне кіре берістегі 8,0 шақырым және КХ-2 Ұланбел-Екпінді Шақпақ елді мекеніне кіре берістегі 1,2 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуден өткізуге Ұлттық сараптама орталығы арқылы ақау актілері түзілді. Соған сәйкес жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындылары алынған. Бүгінгі таңда облыстық салалық басқармаға бюджеттік өтінімдері жолданды.
Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қызылжар елді мекеніне кіре берістегңі 4,2 шақырым автомобиль жолы аудан әкімінің қаулысымен аудандық маңызы бар жолдардың тізбесіне алынған. Бүгінгі таңға аталған жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың қорытындысы алыну үстінде.