Бүгінде облыстағы 831 елді мекеннің 719-ы, яғни 86,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елдімекен ауызсуды бұлақ көздерінен, 11 елді мекен ашық су көздерінен пайдалануда. Қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін ауыз судың орташа тариф құны – 64,97 теңге, бюджеттік мекемелер үшін – 125,3 теңге, өнеркәсіп және коммерциялық ұйымдар үшін – 129,5 теңге. Биыл 831 елді мекеннің 736-сын немесе 88,6%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Реті келгенде осы бағытта Төлеби ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталсақ.
Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда өңірде 55 елді мекен бар. Оның 54–і толық орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бір елді мекен, атап айтар болсақ, Жаңакүш елді мекені тұрғындарын 2023 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы қаралу мәселесі жоспарға ұсынылды.
Айта кетейік, ауданның 98,2 пайызына орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылған. Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 1226 шақырымды құрайды. 194 шақырым ауыз су құбырының тозығы жеткен. Бүгінгі таңда ауданда ауыз суды пайдаланып отырған 22 344 абонент бар. Тұрғын үйлер мен өзге де мақсаттағы нысандарға 20 202 су есептегіш құралдары орнатылған.
Жалпы аудан көлемінде 2021-2023 жылдар аралығында 1 438,0 млн теңгеге 6 ауыз су құбыры жаңартылды. Ол 198,0 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, 197,8 млн теңгеге 20 нысанның ауыз су құбыры ағымдағы жөндеуден өткізілді. Ол 16,0 шақырымды құрайды.
Реті келгенде қазіргі таңда ауданда ауыз су құбырын тарту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына тоқтала кетейік. Мәселен, Зертас елді мекеніне тартылып жатқан ауыз су құбырының құрылысын мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС-і жүргізуде. Құрылыстың құны 619,741 млн.теңгені құрайды. Бүгінгі таңда бұл қаржының 557 767,0 мың теңгесі игерілді. Ал, 61 974,0 мың теңгесі қалып отыр. Жалпы Зертас елді мекеніндегі құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған. Бүгінге 90,0 шақырымауыз су құбыры тартылып, 383 су құдығы орнатылды. Сыйымдылығы 600м3-тан 2 дана резервуар салынып, құбырларға су берілді.
Бұйыртса, аталмыш нысандағы құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау көзделген. Нәтижесінде Зертас елді мекенінде қоныстанған 5970 халық, 986 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Бейнеткеш елді мекеніне тартылып жатқан ауыз су құбырының құрылысын мердігер «СтройЖолСервис» ЖШС-і жүргізуде. Құрылыстыңқұны 282,395 млн. теңгені құрайды. Бүгінге дейін бұл қаржының 254 155,0 мың.теңгесі игерілді. Ал, 28 240,0 мыңтеңгесі қалып отыр. Жалпы Бейнеткеш елді мекеніндегі ауыз су құбырының құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде мұнда 25,0 шақырым ауыз су құбыры тартылып, 113 дана су құдығы мен 1-дана трансформатор орнатылды. 150м3-тан 2 дана резервуар құйылып, қарауылхана, су сорғы ғимараттары аяқталды. Су құбырларына су жіберілді. Аталмыш нысандағы құрылыс жұмыстарын биыл бітіріп, нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланған. Осындай шаралардың нәтижесінде Бейнеткеш елді мекеніндегі 1202 халық, 193 абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Ал, Керегетас елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысын мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС-і жүргізуде.Бұл жобаның құны — 274,357 млн.теңге. Бүгінгі таңда осы қаржының игерілгені — 215 951,0. Қалғаны –58 406,0. Жалпы Керегетас елді мекеніне ауыз су құбырын тарту жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Бүгінге мұнда 28,0 шақырым су құбыры тартылып, 128 дана су құдығы орнатылды. 150м3-тан 2 дана резервуар құйылып, қарауылхана ғимараты салынып, құбырларға су жіберілді.
Бұйыртса, биыл Керегетас елді мекеніне ауыз су құбырын тарту жұмыстарын аяқтау көзделген. Бұл жұмыстар толықтай аяқталып, нысан пайдалануға берілген жағдайда мұндағы 631 халық, 158 абонент ауыз сумен қамтылатын болады.
Нысанбек елді мекеніндегі ауыз су құбырының құрылысын мердігер «СтройЖолСервис» ЖШС-і жүргізуде. Жобаның құны – 268,447 млн.теңге.Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш елді мекенге ұзындығы 25,0 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры тартылды. Сонымен қатар, 86 дана су құдығы орнатылды. 2 дана резервуар 150м3-тан құйылып, қарауылхана, су сорғы ғимараттары аяқталған. Резервуарда су бар .
Бұйыртса, Нысанбек елді мекеніндегі бұл нысанның құрылыс жұмыстарыда биылғы жылы аяқталатын болады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде аталмыш елді мекеннің 709 халықы, 183 абонентісапалы ауыз сумен қамтылатын болады
Аудан аумағындағы «Көктерек» су тазалау имаратының құрылысын мердігер «Карат – Z» ЖШС-і жүргізуде. Бұл құрылыстың құны 643,304 млн.теңгені құрауда. Бүгінгі таңда бұл қаржының игерілгені – 578 975,0, ал қалғаны – 64 329,0. 1100 м3-тан 2-дана резервуар құю және су тазалау имаратының құрылысы жүргізілді. Қазіргі таңда мұнда су тазалағыш құрылғыларды орнату жұмыстары қолға алынған. Нысан 2023 жылға өтпелі болып табылады.
«Көктерек» су тазалау имаратының құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда Ленгір қаласының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, Жаңажол елді мекеніндегі ауыз су құбырының құрылысын мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС-і жүргізуде. Бұл жобаның құны — 338,616 млн.теңге. бүгінгі таңда оның игерілгені — 205 861,0 мың. Тенге. Ал, қалғаны – 132 755,0.
Бұл нысанның да құрылыс жұмыстары 2021 жылы бастау алған болатын. Бүгінде ұзындығы 30,0 шақырым құрайтын су құбыры тартылып, 108 дана су құдықтары орнатылған. Құрылыс жұмыстары тоқтатылып жобаны қайта өңдеу (корректировка) жұмыстары жасалуда. Бұл нысан да 2023 жылға өтпелі болып табылады.
Жаңажол елді мекеніне тартылып жатқөан ауыз су құбырының құрылыс жұмыстары аяқталғанда аталмыш елді мекеннің 2330 халқы, 350 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Реті келгенде мұны да тілге тиек ете кетейік. Ленгір қаласындағы №3 –ші кәріз тазалау имаратының құрылысын мердігер «СарығашАман» ЖШС-і жүргізуде. Жобаның құны 2 624,2 млн.теңге. Бүгінгі таңда бұл қаржының900,0 млн теңгесі ағымдағы жылы атқарылатын шараларға қаралған. Нысан қуаттылығы — 3 500 м3 болатын кәріз суы өңделеді. Соның нәтижесінде 17 640 тұрғынды ауыз сумен қамту есептелген. Сонымен қатар, 63 көп қабатты тұрғын үй, одан бөлек 3500 жеке тұрғын үй, 16 әлеуметтік нысанды, 79 кәсіпкерлік нысан кәріз жүйесіне қосылады.