gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақ ауданында 4 елді мекенге ауыз су жеткізу қажеттігі туып отыр

28 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Созақ ауданында 4 елді мекенге ауыз су жеткізу қажеттігі туып отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданында 35 елді мекеннің 29-ы (2 кент, 26 ауылдық елді мекен) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның екеуі кент болса, 26-ы ауылдық елді мекендер. Жалпы ауданда барлығы 61715 тұрғын таза ауыз сумен қамтылып отыр.

Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 23-іне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған алтауына түзілген кестеге сәйкес берілуде.Шолаққорған ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жобасы түзілді. Жоба бойынша атқарылуы тиіс құрылыс-монтаждау жұмыстарына былтыр қазынадан 51,0 млн.теңге бөлінді. Мұндағы тиісті жұмыстар әлі де жалғасын табуда. Өйткені, нысан 2023 жылға өтпелі болған.

Құмкент ауылындағы ауыз су тарату нысанындағы су тазарту қондырғыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өткен жыл соңында, 2022 жылдың қараша айынан бастап, аталған ауыл тұрғындары тазартылған таза ауыз сумен тәулігіне 24 сағат қамтылды.

Ал, Созақ, Шақырық елді мекендерінің тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты су қоры бекітіліп, 2021 жылы ауыз су тарату нысаны үшін мемлекеттік жер актілері алынып, сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленген болатын. Оның жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге аудандық бюджеттен 2023 жылға 17 140,407 мың/тг қаржы бөлініп отыр. Алдағы уақытта жобалаушы мекеме анықталып, нысанның жобалық сметалық құжаты әзірленетін болады.

Қаратау ауылының да тұрғындарын тәулігіне 24 сағат таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеуге қажетті 12 453,63 мың теңге бөлу жөнінде сұраныс аудандық бюджеттік комиссияға берілді. Қаржы бөлінген жағдайда жобалық-сметалық құжат әзірленетін болады.

Сызған елді мекенінің тозығы жеткен су құбырларын қайта жаңғырту үшін қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Ағымдағы жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынатын болса, бюджетке сұраныс берілетін болады. Сонымен қатар, бимыл Қарақұр, Қозмалдақ ауылдары тұрғындарын тәулік бойы ауыз сумен қамту мақсатында облыстық басқарма арқылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды. Жер асты су қоры бекітілгеннен кейін нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленетін болады.

Айта кетейік, ауданда 6 ауылдық елді мекен, атап айтар болсақ, Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз, Қақпансор, Қоңыратарық елді мекендері ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Оның ішінде, 4 елді мекенге су құбырларын жүргізу, 2 елді мекенге, атап айтар болсақ, Қақпансор мен Қоңыратарық елді мекендеріне  блок-модуль кешенін орнату жоспарлануда. Бұдан бөлек 4 елді мекенді, атап айтар болсақ, Саржаз, Балдысу, Қарабұлақ, Басбұлақ елді мекендерін орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз су тарату нысанына мемлекеттік жер актілері алынып, сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленген. Ағымдағы жылы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынатын болады.

Ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 6 елді мекенде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Айталық, 2 елді мекенде Қақпансор мен Қоңыратарық елді мекендерінде халық саны 200-ден кем болғандықтан, онда  блок-модуль кешенін (КБМ) орнату қажеттігі туып отыр. Ағымдағы жылы Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты су қоры бекітілетін болады. Мұнан басқа 4 елді мекенде, атап айтар болсақ, Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз елді мекендеріндеатқарылуы тиіс жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қажетті7 646,824 мың/теңгеге Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына сұраныс берілді.

Previous Post

Төлеби ауданында 6 елді мекенге ауыз су құбыры тартылуда

Next Post

Арыста табиғи апаттардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz