Бәйдібек ауданы аумағында орналасқан 17 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Атап айтар болсақ, олар: Шаян, Шалдар, Жамбыл, Ақбастау, Екпінді, Шыбыт, Боралдай, Тасқұдық, Сарқырама, Ынтымақ, Мыңбұлақ, Қайнарбұлақ, Бестоғай, Мәдениет, Қосбұлақ, Жүзімдік, Ақбұлақ елдімекендері.
2021-2023 жылдар аралығында 5 ауылды, атап айтар болсақ, Амансай, Түйетас, Талап, Сарыбұлақ, Жолғабас ауылының тұрғынларын табиғи газбен қамтамасыз етуге бюджет қаржы қарастырылды. Соған сәйкес, газ құбырлары тартылуы тиіс Түйетас елді мекеніне – 129,3 млн.теңге, Амансай елді мекеніне – 401,2 млн.теңге, Талап елді мекеніне – 160,7 млн.теңге, Сарыбұлақ елді мекеніне – 206,3 млн.теңге, Жолғабас елді мекеніне — 132,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда мердігер мекемелер тарапынан аталған елді мекендерде құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 15 елді мекенді және Шаян елді мекеніндегі 20 коммуналдық (жалдық) тұрғын үйді, 55 гектар аумақтағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымда салынатын тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджеттен қаржыландыру үшін өтінімдері ұсынылды. Айта кетейік, Кеңес елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 253,8 млн. теңге, Жоғарғы-Боралдай елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 191,9 млн. теңге, Тайманов елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 258,3 млн. теңге, Жыланды елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 146,9 млн. теңге, Теректі елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 311,5 млн. теңге, Жиенқұм елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 368,6 млн. теңге, Шақпақ елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 960,3 млн. теңге, Қазата елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 677,7 млн. теңге, Ағыбет елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 547,1 млн. теңге, Алғабас елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге -171,7 млн. теңге, Кеңестөбе елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 358,2 млн. теңге, Ақтас-Шұқыршақ елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 858,3 млн. теңге, Бәйдібек ата елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге — 2 млрд. 64 млн. теңге, Бірлік елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге – 131,5 млн.теңге бюджеттен қаржыландыру үшін өтінімдері ұсынылды.
Бұйыртса, биыл 16 нысанға газ тарту көзделген. Оның 9-ы елді мекен, атап айтар болсақ, Қазата, Ағыбет, Алғабас, Шақпақ, Бәйдібек ата, Кеңестөбе, Жиенқұм,Тайманов, Жоғарғы Боралдай елді мекендері. Ал, біреуі мөлтек аудан. Қазіргі таңда республикалық бюджеттен бөлінген 4 106,9 млн. теңгеге өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстары арқылы жеңімпаз болып таңылған мердігер мекемелермен келісім шарттар түзілуде.
10 ауылдағы, атап айтар болсақ, Жаңаталап, Таңатар, Қошқар ата, Тұрақты, Жұлдыз, Қаратас, Ақжар, Кеңсай, Жарықбас, Алмалы ауылындағы ішкі газ тораптарының құрылыс жұмыстарының жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жергілікті бюджеттен тиісті қаржысы қаралды. Қазігі таңда жобалар әзірленуде.
Айта кетейік, Бәйдібек ауданында 4 ауылға табиғи газ құбырын тарту жұмыстары экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып саналады. Олар: Қызылжар, Нұра, Үсіктас, Байжансай ауылдары.