Қазығұрт ауданындағы 62 елді мекен орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Шалғайда орналасқан Өгем елдімекені дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. Былтыр тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құрылысы басталып, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жалғасын тауып жатқан елді мекендерге тоқтала кетсек. Қазығұрт ауылдық округіне қарасты Қазығұрт елді мекеніңде электр жүйелерінің құрылысы басталған болатын. Жобаның құны — 233779,5 мың теңге.Мердігер мекеме «ККS Construclion group» ЖШС-і тиісті жұмыстарды атқаруда. Бұйыртса, нысан биыл пайдалануға тапсырылатын болады. Тұрбат ауыл округіне қарасты Еңбек елді мекеніңде де тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынған болатын. Бұл құрылыс жұмыстарының құны 98812,2 мың теңге деп белгіленген. Мердігер мекеме » Карат-Z » ЖШС-і қазір тиісті шараларды атқаруда. Сала мамандары бүгінде бұл нысанның пайдалануға қабылданғанын айтады.
Қызылқия ауыл округіне қарасты Қызылқия елді мекеніңде де тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары қолға алынған болатын. Жобаның құны — 23802,3 мың теңге. Мердігер мекеме «Vek-Stroi-Kom » ЖШС-і тиісті жұмыстарды атқаруда. Сала мамандары бұл нысанның да бүгінде пайдалануға қабылданғанын айтады. Сонымен қатар, Қызылқия ауыл округіне қарасты Ынталы елді мекеніңдеқолға алынған жұмыстар да аяқталды. Тұрғындарды сапалы электрмен қамтамасыз етуге арналған жобаның құны – 105408,03 мың теңге. Мердігер мекеме «Карат-Z» ЖШС-і нысан құрылыс жұмыстарын аяқтады. Нысан пайдалануға қабылданды. Аталған ауыл округіне қарасты Қызылсеңгір елді мекеніңде де тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынған болатын. Бұл жобаның құны 80505,4 мың теңге деп белгіленген. Мердігер мекеме «Карат-Z» ЖШС-і тиісті шараларды аяқтады. Сала мамандары бұл нысанның да пайдалануға қабылданғанын айтады.
Қызылқия ауыл округіне қарасты Айнатас елді мекеніңде де тұрғындардыэлектр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жүргізілген болатын. Жобаның құны — 34056,1 мың теңге. Мердігер мекеме «Prof-Facade» ЖШС-і жоспарланған жұмыстардың барлығын мерзімінде аяқтады. Нысан пайдалануға қабылданды.Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат елді мекеніңде де тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынған болатын. Мердігер мекеме «Шаңырақ ХХІ» ЖШС-і тиісті жұмыстарды мерзімінде аяқтап, нысанды пайдалануға тапсырды. Қ.Абдалиев ауыл округіне қарасты Қызылдала елді мекенінің тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар аяқталды. Жобаның құны 60830,2 мың теңге болатын. Мердігер мекеме «Vek-Stroi-Kom » ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізген нысан пайдалануға қабылданды. Қ.Абдалиев ауыл округіне қарасты Еңбекші елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында да көптеген жұмыстар атқарылды. Жобаның құны — 24459,3 мың теңге. Мердігер мекеме «Андас- group» ЖШС-і тиісті шараларды дер кезінде аяқтады. Бүгінде нысан пайдалануға қабылданды. Дәл осы ауыл округіне қарасты Қ.Мамбет елді мекенінің тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында да бірқатар жұмыстар жүргізілген-ді. Жобаның құны — 117356,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Карат-Z» ЖШС-і жүргізді. Нысан пайдалануға қабылданды. Қ.Абдалиев ауыл округіне қарасты Рабат елді мекеніндегі Ақжол көшесін электрмен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жобаның құны — 53257,3 мың теңге. Мердігер мекеме «Vek-Stroi-Kom » ЖШС-і тиісті жұмыстарды дер кезінде аяқтап, бүгінде нысан пайдалануға қабылданды.Қақпақ ауыл округіне қарасты болған Қақпақ елді мекенінің тұрғындарын да сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Мердігер мекеме «Аша-А» ЖШС -і құрылыс жұмыстарын жүргізген нысан пайдалануға қабылданды.
Ауданда былтыр тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық бюджеттен 2023 жылға қаржы бөлуге ұсынылған нысандар баршылық. Реті келгенде оларға да тоқтала кетсек. Тұрбат ауыл округіне қарасты Қызылдихан елді мекенін (210482,5 мың теңге), Тұрбат ауыл округіне қарасты Өндіріс елді мекенін(567446,2 мың теңге), Қ.Абдалиев ауыл округіне қарасты Атбұлақ елді мекенін (182399,3мың теңге) электр қуатымен қамтамасыз ету жоспарланған.
Сонымен қатар, ауданда өткен жылы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған нысандарды да атай кетейік. Олар: Қаржан ауылында 10/0,4 кВ электр желісінің құрылысы, Қызылата ауылында 10/0,4 кВ электр желісінің құрылысы, Жаңажол ауылы, Албаба көшесіне 10/0,4 кВ электр желісінің құрылысы, Жаңаталап ауылында Суықбұлақ көшесіндегі 10/0,4 кВ электр желісінің құрылысы, Жаңаталап ауылындағы Рысымбетұлы 2-көшесіндегі 10/0,4 кВ электр желілерін жүргізу құрылысы, Жаңаталап ауылы, Рысымбетұлы 3-көше 10/0,4 кВ электр желілерін жүргізу құрылысы, Майбұлақ ауылындағы Болашақ, Байжанұлы, Жүнісбеков, Байзақұлы көшелеріне 10/0,4 кВ электр желілерін жүргізу құрылысы, Майбұлақ ауылы, Тұрдалиев көшесіне 10/0,4 кВ электр желілерін жүргізу құрылысы, Көкібел ауылы, Рахимов көшесіне 10/0,4 кВ электр желілерін жүргізу құрылысы, Жаңажол ауылы, Мүтәліұлы және Мұсақұлұлы көшелеріне 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылысы, Жаңаталап ауылы, Рысымбетұлы 1-көше 10/0,4 кВ электр желілерін жүргізу құрылысы, Майбұлақ ауылындағы Рахманбердіұлы көшесіне 10/0,4 кВ электр желілерін жүргізу құрылысы, Майбұлақ ауылындағы С.Еділов көшесіне 10/0,4 кВ электр желілерін жүргізу құрылысы, Көкібел ауылы, Рахимов көшесіне 10/0,4 кВ электр желілерін жүргізу құрылысы, Аққұм ауылы 10/0,4 кВ электр желілерін жүргізу құрылысы. Бұлардың барлығының жобасын «ДИАС-проект» ЖШС-і жасады.
Жалпы Түркістан облысы – электр қуатына тапшы өңірлердің бірі. Аймақтың орташа қажеттілігі 320 МВт/сағ құрайды. Оның 20%-ын ішкі энергетикалық көздер өндірсе, 80%-ы еліміздің солтүстік өңірінен және Шымкент, Тараз қалаларындағы стансалардан тасымалданады. Облыс аумағындағы 831 елді мекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған шалғайдағы 16 елдімекен дербес электр қондырғыларын пайдалануда. Алдағы уақытта 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғынды сапалы электр қуатымен қамту көзделіп отыр.