gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында жылыжайдағы өнімі үсіп кеткен шаруаларға жеңілдікпен несие берілуі мүмкін

26 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында жылыжайдағы өнімі үсіп кеткен шаруаларға жеңілдікпен несие берілуі мүмкін
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпы өңірдегі жылыжайлардың 94 пайызы фермерлік қолдан жасалған жеңіл конструкциялы болғандықтан қалың жауған қардың салмағын көтере алмаған.

Нәтижесінде 167 тауар өндірушінің 37 гектарды құрайтын жылыжайы жарамсыз күйге түскен.

Ал, көмірдің тапшылығынан 9 гектарды құрайтын 3 өнеркәсіптік жылыжайдың өнімдерін үсік шалған.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржігіт Мырзахметовтың айтуынша бүгінгі күні шаруаларға қолдау көрсетіп, көмек беру жұмыстары жүріп жатыр.

«Мемлекет тарапынан жылыжай тауарын өндірушілердің қаржы ұйымдары алдындағы берешектерінің (несие қаржы) өтеу мерзімдерін ұзарту мүмкіндігі қарастырылуда. 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру жұмысы да зерделенеді. Жалпы басқарма тарапынан жылыжай шаруашылықтарын қолдау шаралары бойынша министрлікке нақты ұсыныстар жолданды. Оның ішінде жылыжай кешендерінде пайдаланылған энергия көздерінің (электр энергиясы, газ) 50%-ын субсидиялау, жылыжайларға қажетті әлеуметтік көмір отынын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ арқылы мерзімінде тікелей жеткізу жолдарын қарастыру көзделген», – деді Нұржігіт Мырзахметов.

Айта кетейік, жалпы өңірде 1500 гектардан астам жылыжай бар.

Бұдан алдын мол жауған қар түркістандық 167 шаруаның жылыжайын жарамсыз күйге түсіргенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, көмір тапшылығынан Түркістан облысында жылыжайдағы өнімдер үсіп кеткен болатын.

Previous Post

Қазығұртта тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз етуге арналған 15 жоба іске асырылмақ

Next Post

Инвесторлар Жетісайда жүгері өңдеу зауытын салуға ниетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz