gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жылыжай шаруашылығына қажетті қолдау шаралары жүргізіледі

26 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жылыжай шаруашылығына қажетті қолдау шаралары жүргізіледі
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұржігіт Мырзахметов айтты.
Брифингте жауапты сала өкілі жылыжай шаруашылығы үшін арнайы көмір бөлінбегеніне қарамастан қолдау шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Нұржігіт Назарбекұлының айтуынша, жылыжай шаруашылықтары тиісті көмір қорын қалыптастырмағандықтан қолданыстағы көмірмен жылытылатын 591,0 гектар (1058 агроқұрылым) жылыжайларға қыс маусымына 200,8 мың тонна көмірі отыны қажеттілігі анықталып, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы арқылы 186,7 мың тонна көмір облысқа жеткізілді. Жалпы жылыжайлардың 94%-ы фермерлік қолдан жасалған жеңіл конструкциялы жылыжайлар болғандықтан 167 тауар өндірушінің 37 гектар жылыжайлары қар салмағын көтере алмай жарамсыз күйге түсті. Сонымен қатар 9 гектарды құрайтын 3 өнеркәсіптік жылыжайдың өнімдерін үсік шалды. Ал жалпы өңірде 1500 гектардан астам жылыжай бар.
– Мемлекет тарапынан жылыжай тауарын өндірушілердің қаржы ұйымдары алдындағы берешектерінің (несие қаржы) өтеу мерзімдерін ұзарту мүмкіндігі қарастырылуда. 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру жұмысы да зерделенеді. Жалпы басқарма тарапынан жылыжай шаруашылықтарын қолдау шаралары бойынша министрлікке нақты ұсыныстар жолданды. Оның ішінде жылыжай кешендерінде пайдаланылған энергия көздерінің (электр энергиясы, газ) 50%-ын субсидиялау, жылыжайларға қажетті әлеуметтік көмір отынын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ арқылы мерзімінде тікелей жеткізу жолдарын қарастыру көзделген, – деді ол.
Брифингте белгілі болғандай, облыс әкімдігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «ҚТЖ» және кен орындарымен бірге келіссөздер өткізіп, Түркістан облысына көмір жеткізуді ұлғайту жөнінде келісімге қол жеткізілген. Көмірді жеткізу 60-70 вагоннан бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады, негізгі бөлігі жылыжайларға Сарыағаш ауданына жөнелтіліп жатыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыс бойынша 1618 тонна көмір қоры бар. Оның ішінде: Сарыағашта – 1311, Созақта – 100, Арыста 207 тонна көмір жинақталған. Кеше 49 вагон көмір түсті. Бүгін 102 вагон түсуде. Жалпы 349 вагон көмір жолда келе жатыр. Ол бір аптаға дейін толық жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Previous Post

Ордабасыда жолдарды қардан тазарту жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр

Next Post

Өңірдегі жылыжайлар үшін 186,7 мың тонна көмір жеткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz