gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда су реттегіштер мен қар суы жиналатын орындар тексерілді

30 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Мақтааралда су реттегіштер мен қар суы жиналатын орындар тексерілді
Share on FacebookShare on Twitter
Мақтаарал ауданында аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімдігі және төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бірқатар елдімекендерде болып, су реттегіштер мен қар суы жиналатын орындарды бақылады.
Жалпы аудан аумағында су тасқынына алып келетін өзен, көл, су қоймалары, гидротехникалық құрылыстар жоқ. Дегенмен, Өзбекстан Республикасы «Сырдария» аумақтық су шаруашылығы бірлестігінің есебіндегі «Достық» магистральды каналы арқылы ауданға ағын су жеткізіледі. Қазіргі таңда каналдың қауіп төнетін авариялық аймақтары жоқ. Соған қарамастан, каналға бақылау бекеттері ұйымдастырылып, диспетчерлік кезекшілік қойылған.
Негізінен, Мақтаарал ауданында жыл сайын ақпан, наурыз айларында жауатын нөсер жаңбыр мен егістік жерлерді қысқы сор шаю жұмыстарын жүргізу салдарынан жер асты суларының деңгейі көтеріледі. Егістік жерлердің қысқы сор шаю жұмыстарының көктемге дейін созылуы, көктемгі жауын-шашынға ұласып, жер астына сіңбейді. Соның салдарынан аумақтардан су тартып шығару қиындап, тұрғын үйлердің аулаларын су басады.
Бүгінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Атакент кентінде 4 көшеге жаңадан лотоктар салынды. Аудан көлемінде 147,86 км ирригациялық жүйелер және арық-атыздардың арналары тазаланды. Кенттер мен елдімекендердің ішінде орналасқан 38 тік дренаж бен егістік жерлерде орналасқан 145 тік дренаж іске қосылуға дайын. Сондай-ақ, су басу және су тасқыны мерзімінде шұғыл жеткізілетін 84 мотопомпалар сақадай сай.
Previous Post

Самбодан жастар арасындағы облыстық чемпионат өтті

Next Post

Түркістан облысына ҚР сауда және интеграция вице-министрі жұмыс сапарымен келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz