Түркістан облысында 2021 жылы электрмен жабдықтау бойынша 19 жоба жүзеге асырылып, 32 мың тұрғыны бар 40 елді мекен қамтылған болатын. Былтыр тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша 42 нысанның құрылысына 13,6 млрд. теңге қаралды.Жыл қорытындысыбойынша 12 нысандағы тиісті жұмыстар аяқталып, 8,7 мың тұрғынды сапалы және тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілді. Ал, қалған 30 нысанның құрылысы биылғы жылға өтпелі болған еді. Қазіргі таңда өңірімізде осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Жалпы айтар болсақ, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 265 елді мекендегі 341,5 мың тұрғынды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жоспарланған. Осы бағытта қазір өңірімізде тиісті жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Сауран ауданындағы 5кВт, 10кВт,0,4 кВт электр желілері «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның теңгерімінде. Трансформаторлар: «Оңтүстік Жарық Транзит» 363 дана, ауыл округ 61 дана, иесіз 26 дана. Ауданға қарасты болған Жаңа Иқан, Жүйнек, Орынғай, Иассы, Ескі Иқан, Майдантал ауыл округтеріне 12 дана трансформаторлар орнатылды.
Бұйыртса, биыл Шаға, Бабайқорған, Оранғай, Майдантал, Қарашық, Жүйнек, Үшқайық ауылдық округтеріне 28-дана транформатор орнату жұмыстары, Майдантал ауыл округіндегі Жангельдин көшесіне жарық шамдарын орнату жұмыстары және Ораңғай ауыл округіндегі Тастақты, Ораңғай көшелеріне жарық шамдарын орнату жұмыстары, Жібек Жолы ауыл округіндегі А.Оразбаев көшесіне жарық шамдарын орнату жұмыстары қолға алынбақ.
Тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында ауданда әзірленіп жатқан сметалық-жобалық құжаттар жайында да ақпар беріп кетейік. Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан елді мекені тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізудің, Шорнақ ауылдық округіне қарасты Шорнақ және Қосмезгіл елді мекендері тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында құрылыс жұмыстарын жүргізудің, Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Ескі Иқан елді мекені тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстарының, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Бабайқорған елді мекені тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізудің, Жүйнек ауылдық округіне қарасты Жүйнек елді мекені тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстарының және Оранғай ауылдық округіне қаоасты Оранғай елді мекендері тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстарының сметалық-жобалық құжаттамаларын әзірленіп жатыр.