gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Облыс орталығын Түркістанға ауыстыру Кентау қаласының дамуына жаңа серпін берді

3 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Облыс орталығын Түркістанға ауыстыру Кентау қаласының дамуына жаңа серпін берді
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Кентау қаласының келбетін жаңарту үшін 55 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Кентау қаласы тұрғындарымен кездесуде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Облыс әкімі моноқаланы дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
– Облыс орталығын Түркістан қаласына ауыстыру Кентау қаласының дамуына жаңа серпін берді. Біз қазір өндіріс орындарын ашуға басымдық беріп отырмыз. Былтыр шаһарда құны 3 млрд. теңгені құрайтын жаңа 2 инвестициялық жоба – кірпіш зауыты мен темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылып, 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы екі жылда 5 млрд. теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда. Ол арқылы 420 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Өздеріңізге белгілі, Кентау қаласында жер асты сулары өте жақын орналасқан, сондай-ақ шахталарда су деңгейінің көтерілуі байқалады. Осыған орай, қазіргі уақытта «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Жұмыстарды биыл аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Былтыр қалаға газ берілді. Кентауда және қалаға қарасты елді мекендерде 53 көше жөндеуден өтті. Электр жүйелерін жаңғырту және инфрақұрылымға қатысты өзге де жұмыстар қолға алынды. Қаланы дамыту жұмыстары жалғаса береді, – деген Дархан Сатыбалды тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесуде тұрғындар инфрақұрылым және өзге де мәселелер бойынша өтініштерін айтып, сұрақтарын қойды. Өңір басшысы әрбір өтініш назаға алынатынын жеткізді.
Халықпен кездесуден кейін Дархан Сатыбалды Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл бірыңғай қабылдауға құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары қатысты. Жергілікті тұрғындар көкейдегі сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік салаға қатысты. Атап айтқанда, инватаксидің жүру уақытын ұлғайту, зағип жандарға арналған бағдаршамның санын арттыру, шипажайға берілетін жолдаманың санын көбейту, кәсіпкерге берілетін қолдауларды қолжетімді ету мәселелері көтерілді. Кентаулықтардың көкейде жүрген мәселелерін тыңдаған облыс басшысы жауапты сала басшыларына нақты тапсырма жүктеді. Ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, заң аясында шешім қабылданады.

Previous Post

Сауран ауданында 7 ауыл округіне 28 транформатор орнатылады

Next Post

Түркістан облысында мақта дақылын егу көлемі азаюы мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz