Бүгінде Түркістан облысында 457 елді мекен (54,9%) немесе 1 374 мың тұрғын (67,2%) орталықтандырылған табиғи газбен қамтылған. Былтыр 75 нысанның құрылысына 24,4 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 10 елді мекенді немесе 32 198 тұрғынды қамтитын 8 нысанның құрылысы аяқталды. Қалған 67 нысан биылғы жылға өтпелі болған еді. Қазіргі таңда осы нысандарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, алдағы 3 жылда қосымша 259 елді мекенді табиғи газға қосып, нәтижесінде 2025 жылы тұрғындарды көгілдір отынмен қамту деңгейін 722 елді мекенге (86,8%) немесе 2 003 мың халыққа (96,5%) жеткізу жоспарлануда. Осы бағытта Сауран ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысында тоқталуды жөн көріп отырмыз. Айталық, қазіргі таңда ауданда 12 ауыл округі, 36 елді мекен бар. Оның ішде 11 елдімекен табиғи газбен қамтылып, бұл көрсеткіш 31,4 пайызды құрады. Үшқайық ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенге, атап айтар болсақ, Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс,А.Үсенов елді мекендеріне 2022 жылдың сәуір айынан бастап газ берілді. Жалпы абонент 864 болса, соның 329-ы табиғи газға қосылды. Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтеріне қарасты 6 елді мекенде, атап айтар болсақ, Ибата, Ойық, Шаға, Бершінтөбе, Шоқтас, Қазақстан 30 жылдығы елді мекендерінде 3895 абонент болса, соның 59-ы көгілді отынды тұтына бастады. скі Иқан ауыл округіндегі 1 елді мекен, атап айтар болсақ, Иқан елді мекеніде 2322 болса, соның ешқайсысы әлі газға қол жеткізіп үлгерген жоқ.
Енді биыл тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды күшейту көзделген. Осы бағытта әзірленген сметалық жобалық құжаттамаларға тоқтала кетсек. Мәселен, Кентау қаласына қарасты болған Оранғай ауылында газ құбырларын тарту мақсатында жүргізілетін құрылыстың сметалық құны – 1 819,559 млн. теңге. Кентау қаласына қарасты Жүйнек, Қарашық ауылдық округтеріне газ құбырларын тарту мақсатында жүргізілетін құрылыс жұмыстарының сметалық құны – 4 956,093 млн. теңге.Кентау қаласыШорнақ ауыл округіне қарасты Шорнақ елді мекеніне газ құбырларын тартуға арналған жобаның сметалық құны –1 129,916 млн. теңге.Кентау қаласы Шорнақ ауыл округіне қарасты Қосмезгіл елді мекенінде газ құбырларын тарту мақсатындағы жобаның сметалық құны –1 599, 045 млн. теңге.
Ал, енді өңір тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында әзірленіп жатқан сметалық жобалық құжаттамалар жайлы да айта кетсек. Сауран ауданы Оранғай ауылдық округіне қарасты Бостандық және Қосқорған елді мекендері тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында аталған елді мекендерге газ құбырларын тартуға арналған құрылыс жұмыстарының, Сауран ауданыИассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан елді мекені тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында аталған елді мекенге газ құбырларын тартуға арналған құрылыс жұмыстарының, Кентау қаласы аумағындағы Жүйнек,Қарашық, Оранғай ауыл округтері тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында аталған елді мекендерде жүргізілетін құрылыс жұмыстарының, Кентау қаласы Шорнақ ауылдық округіне қарасты Аша елді мекені тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында аталған елді мекендерде қолға алынатын құрылыс жұмыстарының сметалық-жобалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.