gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауранда биыл қандай автомобиль жолдары жөндеуден өтеді?

11 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауранда биыл қандай автомобиль жолдары жөндеуден өтеді?
Share on FacebookShare on Twitter

Облыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 17 488 шақырымды құрайды. Оныңішіндереспубликалықмаңызыбаржолдар — 723,1 шақырым, жергіліктімаңызыбаржолдар- 5 755,1 шақырым,елді-мекенкөшелері — 11 009,6 шақырым.Қазіргі таңда жергілікті маңызы бар жолдардың 87 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде. Дегенмен, бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 95 пайызға жеткізу жоспарланған. Бүгінде облыста осы бағытта бірқатар шаралар атқарылуда. Айталық, былтыр 2 мың километрге жуық жолдың құрылысына және жөндеу жұмыстарына 49,5 млрд.теңге бөлінді.Қазіргі таңда Түркістан облысында 39 тасымалдаушы жалпы 349 тұрақты бағыт бойынша 1447 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде.120 қоғамдық көлік жаңартылды, Түркістан қаласында тасымалдаушылар есебінен 28 жаңа автобус сатып алынды.Әлеуметтік маңызыбар
65 жолаушылар тасымалдау маршруты және де «Түркістан — Бадам», «Түркістан — Сарыағаш» темір жол бағыттары субсидияланды. Сонымен қатар, Түркістан қаласының әуежайы
1 халықаралық (Стамбул) және 7 ішкі рейстерге (Астана, Алматы, Ақтау, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Орал) қызмет көрсете бастады.Түркістан-Кувейт халықаралық рейсі де ашылды.Қазіргі таңда басқа бағыттар бойынша тікелей рейстерді ашу жұмыстары жалғасын табуда.

Ал, Сауран ауданында аудандық жолдар119,3 шақырымды құрайды. Ауыл ішілік жолдар – 625 шақырым. Былтыр аудандық жолдардың 34 шақырым автожолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.Шорнақ елді мекеніндегі Т.Сулейменов және Шаяхметова көшелерінің 6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нысан 2023 жылға өтпелі болды. Бүгінде мұнда тиісті жұмыстар жалғасын тапқан. Оранғай елді мекеніндегі спорт мектебіне апаратын жолдың 0,75 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қосмезгіл елді мекеніндегі жаңа мектепке апарар жолдың 0,8 шақырымы да орташа жөндеуден өтті. Ескі Иқан ауыл округіндегі Шарап ата көшесінің 1 шақырымын орташа жөндеуден өткізу де жоспарланған болатын. Былтыр мұнда да тиісті жұмыстар атқарылды. Майдантал елді мекенінен Егізқара ауылына апарар жолдың 10 шақырымы ағымдағы жөндеуден өткізілді. Серт елді мекеніндегі Рахимов көшесінің 13 шақырымын орташа жөндеуден өткізу көзделген-ді. Өткен жылы мұнда да тиісті жұмыстар атқарылды. Теке елді мекеніндегі Абай, Жаңа тұрмыс көшелерінің 2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жібек Жолы ауыл округіндегі Сауранбаев көшесінің 1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шорнақ елді мекенінде Б.Майлин, М.Қорған, Досметов, С.Сариев көшелері де орташа жөндеуден өтті. Құсшы ата елді мекенінен Әуежолға дейінгі жолдың 7,5 шақырымын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. нысан биылғы жылға өтпелі болатын. Қазіргі таңда мұнда да тиісті шаралар қолға алынған. Құрылыстың құны- 2 198,252 млн теңге.

Сонымен қатар, былтыр аудандағы 42мектептің алдына жасанды жол кедергілері орнатылды. Аудан аумағына 277 дана жол белгілері қойылды.

Енді биылғы жылы аудан аумағында аталған сала бойынша атқарылатын жұмыстардың барысына тоқтала кетсек. Жүйнек ауыл округіндегі Қуаныш және Ғасыр көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, Бабайқорған ауыл округіндегі Б.Майлин, С.Қожанова көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, Қарашық ауыл округіндегі Ақтанбаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, Жаңа Иқан ауыл округіндегі Аль-Фараби, Бостандық, Ұлықбек, Б.Шалбаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, Ескі Иқан ауыл округіндегі Ұлықбек, Жаңа Иқан, Шымкент, Х.Алимжан, Достық-2,4, М.Ауезов, Сұлтан Қожа, Салауат көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, Үшқайық ауыл округіндегі Молдағұлова, Абай, Үсенов, Бейбітшілік, Қонаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, Жібек Жолы ауыл округіндегі Т.Ерімбетов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, Оранғай елді мекеніндегі Мешіт көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, Шаға ауыл округіндегі  Фурхат ,Жастар, Тағайлы, Темірқорған көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, Сауран ауданындағы жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу, аудан аумағындағы көшелерінің автомобиль жолдарына қиыршық тас жабынын төсеу жұмыстарын жүргізу, аудан аумағындағы Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысына бағдаршам орнату, аудан аумағына жол белгілерін орнату жоспарланған.

Осы ретте ауданда жол құрылысын жүргізуді қажет ететін нысандарға әзірленіп жатқан жобалық сметалық құжаттамалар жайлы да айта кетейік. КХ-61 «Оранғай-Қосқорған» 12 шақырымды құрайтын автожолының күрделі жөндеу жұмыстарының, «Бабайқорған-Абай» 9 шақырымды құрайтын автожолының орташа жөндеу жұмыстарының, «Шорнақ-Жібек Жолы-Ескі Сауран қалашығы» 15 шақырымды құрайтын автожолының орташа жөндеу жұмыстарының, КХ-84 автомобиль жолынан Үсенов ауылына кіре берістегі 4 шақырымды құрайтын автожолының орташа жөндеу жұмыстарының, Самара-Шымкент автомобиль жолынан Құмтүйін ауылына кіре берістегі 3 шақырымды құрайтын автожолының орташа жөндеу жұмыстарының, «Бабайқорған-Игілік» 9 шақырымды құрайтын автожолының орташа жөндеу жұмыстарының. «Майдантал-Қаражон» 6,3 шақырымды құрайтын автожолының орташа жөндеу жұмыстарының, «Аша елді мекеніндегі аспалы көпір» нысанының құрлысының сметалық-жобалық құжаттамалары әзірленуде.

Previous Post

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Next Post

Мырзакент кенті ұлғайтылмақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz