Мақтаарал ауданында былтыр жергілікті бюджеттің кірістері мен шығысының жоспары 99,8 пайызға орындалды. Яғни, 30 841,0 млн. теңгенің 30 798,6 млн. теңгесі игерілді.
Бюджеттің өзіндік кірістері 2,3 млрд. теңге, субвенция 18,6 млрд. теңге, ал нысаналы трансферттер 9,2 млрд. теңгені, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер 4,4 млрд.теңгені, нысаналы даму транферттері 4,8 млрд. теңгені құрады.2022 жылы жалпы ішкі өнім көлемі 116,5 млрд. теңге, жан басына шаққанда 903,0 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар, өткен жылы ауданда құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 9,7 млрд.теңге немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 108,4 пайызға төмен орындалды.Тұрғын үйлерді іске қосу бойынша өткен жылы жалпы 23 мың шаршы метр немесе 2021 жылмен салыстырғанда 42,9 пайызға төмен орындалды.
Жалпы аудан бойынша 2022 жылы жалпы 7 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 1 239 476,3 мың теңгеге жүргізілген. Олардың конкурстық құны 3 350 719,6 мың теңге. Соның ішінде Мырзакент кенті Мадиходжаев көшесі бойындағы Мақтаарал ауданының дербес бөлімдері үшін салынған әкімшілік ғимараттың конкурстық құны – 799 923,3 мың теңге. Аталған құрылыс нысанына 2021 жылы облыстық бюджет есебінен қаржы қаралып, толық игерілген. 2022 жылға 400 000,0 мың теңге қаржы қаралып, толығымен игерілген. Аталған құрылыс нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары бұйыртса, ағымдағы жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталып, ғимаратты пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Мұнан бөлек, Бірлік ауылдық округіне қарасты Пернебаев елді мекеніне инфрақұрылым жүргізуге арналған жобаның конкурстық құны: 47 500,0 мың теңге. Аталған нысандағы құрылыс жұмыстарына 2022 жылы Ұлттық қордан 47 500,0 мың теңге қаржы қаралып толығымен игерілген. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары былтыр сәуір айында басталып, қыркүйек айында құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, нысан пайдалануға тапсырылды.
Ал, Мырзакент кентіндегі №2 әкімшілік ғимаратының конкурстық құны239 105,0 мың теңге деп көрсетілген. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарына былтыр жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып толығымен игерілген. Нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталып, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Мырзакент кентіндегі Орталық саябақты реконструкциялаудың конкурстық құны – 596 401,8 мың теңге. Аталған құрылыс нысанына 2022 жылыа облыстық бюджет есебінен қаржы қаралып толығымен игерілген, Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары былтыр қазан айында басталған болатын. Қазіргі таңда монтаждау жұмыстары толық аяқталды. Бұйыртса, нысан осы жылы пайдалануға тапсырылатын болады.
Реті келгенде айта кетейік, ауданда «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында былтыр жалпы 712,0 млн.теңге қаржы бөлініп, бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілген. Атап айтар болсақ, Мырзакент кентіндегі спорт кешенінің конкурстық құны – 881 383 мың теңге. Аталған құрылыс нысанына 2022 жылға «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы арқылы 512 000 мың теңге қаржы қаралып толығымен игерілген. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекенінен 200 орындық мәдениет үйі және кітапхана салу жоспарланған болатын. Аталған нысандардың конкурстық құны — 429 264 мың теңге. Осы құрылыс нысанына 2022 жылы «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы арқылы тиісті қаржы қаралып толығымен игерілген. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын биыл жыл соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жалын елді мекенінен 200 орындық мәдениет үйі және кітапхана салу да көзделген-ді. Аталған нысандардың конкурстық құны — 357 166 мың теңге. Аталған құрылыс нысанына 2022 жылы «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы арқылы қаржы қаралып толығымен игерілген. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жылы желтоқсан айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда ауданда мұнан бөлек Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі ММ-сі тарапынан 200 орындық екі мәдениет үйінің, бір спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін тиісті салалық басқармаларға ұсынылған. Реті келгенде оларға да жеке-жеке тоқтала кетейік. Достық ауылдық округіне қарасты Ж.Қалшораев елді мекенінде мәдениет үйі және кітапхана салу жоспарланған. Нысанның сметалық құны – 816 116,0 мың теңге. Сараптама қорытындысы 30.09.2022 жылы №ЮЖГЭКС-0012/22 санымен алынды. Жобалаушы мекеме «МПК-Проект» ЖШС-і.
Сонымен қатар, Ж. Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ынталы елді мекенінен мәдениет үйі және кітапхананың құрылысын жүргізу де көзделген-ді. Нысанның сметалық құны – 858 685,0 мың теңге. Сараптаманың қорытындысы 10.10.2022 жылы №ЮЖГЭКС-0014/22 санымен алынған. Жобалаушы мекеме «Диас-Проект» ЖШС-і.Мақтарал ауылдық
округіне қарасты Өркениет елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру
кешенін тұрғызудың сметалық құны 664 433,0 мың теңге деп белгіленді. Сараптаманың қорытындысы 03.10.2022 жылы №Shyme-0050/22 санымен алынған. Жобалаушы мекеме «ВИБО-строй» ЖШС-і.
Ал, Мырзакент кентін ұлғайтуға арналған 8,5 гектар, 17,1 гектар, 35,0 гектар жер телімдеріне инфрақұрылым жүйелерін жүргізу, яғни ауыз су, электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі және газбен қамтамасыз етудің қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.