gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мырзакенттің тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізеді

11 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мырзакенттің тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізеді
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында 69 елді мекен бар. Оның біреуі шалғайда орналасқан. Сол 69 елді мекеннің36-сы табиғи газбен қамтылған. Бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 52,1 пайызын, халық санының 68,5 пайызын құрайды.

Былтыр Иіржар аауыл округіне қарасты болған 9 елді мекенді, атап айтар болсақ Дихан, Иіржар, Азат, Азамат, С.Рахимов, Мақтажан, Шапағат, Наурыз, Алаш елді мекен тұрғындарын «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету жұмыстарына бюджеттен 3,1 млрд. теңге қаралып, толық игерілді. Аталған елді мекендердегі құрылыс жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Сала мамандары құрылыс жұмыстарын аяқтауға қосымша 778,6 млн.теңге қажет екенін айтады. Айта кетейік, аталған 9 елді мекенде 1720 отбасы, 10658 халық тұрады.

Сонымен қатар, дәл қазір Мырзакент кентіндегі Жоба 1, 2 көшелеріне және Пернебаев елді мекеніндегі 16 коммуналдық үйге газ құбырларын тарту  жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 37,0 млн.теңге қаралған. Бұйыртса, аталған шаралар ағымдағы жылы толық аяқталып, нысан пайдалануға тапсырылатын болады. Жобаның жалпы құны – 55,9 млн. теңге. Оның 18,9 млн.теңгесі 2023 жылға қаралған.

Айта кетейік, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда өңіріміздегі 831 елдімекеннің 465-і, яғни 56 пайызы табиғи газбен қамтылған. Биыл 516 елді мекенді (62%) табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алдағы 3 жылда қосымша 247 елді мекенді табиғи газға қосып, нәтижесінде 2025 жылы қамту деңгейі 722 елді мекенге (86,8%) жеткізілмек. Облысты алдағы уақытта газбен жабдықтау саласында жалпы құны 19,1 млрд. теңгені құрайтын 56 жоба әзірленіп отыр.

Previous Post

Мырзакент кенті ұлғайтылмақ

Next Post

Атакент кентіне электр желілері тартылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz