gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайда су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

31 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайда су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен «Түркістан облысы аумағында 2022-2023 жылдардағы қыс-көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты жүргізу бойынша атқарылуы тиіс инженерлік іс-шаралар» жоспары бекітілді. Осыған орай Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов су тасқынының алдын алу жұмыстарын қадағалады.
Асықата кенті аумағында жауын-шашын салдарынан жиналатын суды қашырту үшін Асықата кенті, Б.Момышұлы көшесіндегі К-28-20 каналының бойынан «Тугайный» коллекторына дейін жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын қашыртқы қазылды. Ясауи көшесі бойынан ұзындығы 580 метрді құрайтын науа (лоток) салынған. Одан бөлек, кент маңынан қашыртқы қаздыру мақсатында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан сметалық есептеме жасақталуда.
Қарақай ауылдық округінде орналасқан 1,463 шақырымды құрайтын ДВ-2-3-1 және ұзындығы 2,263 шақырым болатын ДВ-2-3 коллекторларына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жоғары тұрған басшылық органдарға тиісті хаттар жолданған. Ал Қарақай елді мекенінің М.Сейдалиев көшесі бойындағы тік дренажды ұңғымаға «Жетісай-су» МКК тарапынан жерасты суын тарту қондырғысы орнатылып, ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №31 шешімімен Қараөзек ауылына 1, Қарақай ауылына 3, Кетебай ауылына 1, Сәтпаев ауылына 3, жалпы саны 8 тік дренажды ұңғыма құрылысын жүргізу үшін жер телімдері анықталып, кадастрлік жобасы әзірленген.
Ынтымақ ауылдық округі, Әден ата елді мекенінде қыс пен көктемгі толассыз жауын-шашын салдарынан су басу қауіпінің алдын-алу бойынша «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан қажетті қаражат бөлініп, КС-4 қашыртқысына жалпы ұзындығы 3,8 шақырым қашыртқы қазу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар су тасқынының алдын алу мақсатында Жетісай қаласы, Байтұрсынов көшесі бойынан жаңадан тік дренажды ұңғыма қазу жұмыстарына 2022 жылға жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар қолға алынды. Қазыбек би ауылдық округі, Қазыбек би елді мекенінде 1,3 шақырым, Мақталы ауылдық округі, Мақталы және Жетісу елді мекендерінде 1,7 шақырым су қашырту арықтары қазылған.
2023 жылға аудандық бюджет есебінен су тасқынының алдын алу мақсатында арық-атыздар мен қашыртқылар қазу үшін жалпы соммасы 86 млн. 770 мың теңге бөлініп, Жаңа ауыл, Жылы су, Қарақай, Қазыбек би, Ж.Ералиев, Мақталы ауылдық округтерімен қатар Асықата кентінен қашыртқыларды қазу жұмыстары жүргізілуде.
Жиналған суларды қашырту мақсатында қосымша 13 дана мотопомпа алуға қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.
Previous Post

Су қоймаларында кезекшілік ұйымдастырылды

Next Post

Биыл Түркістан қаласында 34,3 шақырымға асфальт төселеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz