gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Түркістан қаласында 34,3 шақырымға асфальт төселеді

31 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Түркістан қаласында 34,3 шақырымға асфальт төселеді
Share on FacebookShare on Twitter
Таяуда, яғни 25-27 қаңтар аралығында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков әр секторда кездесу өткізіп, жүйелі жоспарларымен бөліскен болатын. Әр сала бойынша жеке тоқталып, атқарылар жұмыстардың барысын да айтып өтті.
Тұрғындардың сауалдарын тыңдап, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Соның бірі жол саласына қатысты — 89 тапсырма беріліп, орындалуы бақылауға кестесіне қойылды. Тұрғындар сауалының басым көпшілігі аялдама тапшылығы мен көше жарықшамдарына қатысты болды.
Биылғы жоспарда облыс орталығында 100 аялдама орнатылып, 138 көшені жарықшамдармен қамтамасыз ету қарастырылған.
Қала әкімі сектор тұрғындарымен кездесуде: «Шаһардағы жол сапасының 32 пайызы ғана қанағаттанарлық деңгейде. Жөнделген жолдар жұмысы аяқталғанда қала тұрғындары, өздеріңізбен бірге бақылап, қадағалап қабылдаудан өткіземіз», — деді.
Өткен жылы осы көрсеткіш бойынша қалада бірқатар жұмыстар атқарылды. 175 шақырымды құрайтын 185 көшеге тас, 17,1 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт төселді. Биыл 47 көшеге тас, 24 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр.
Previous Post

Жетісайда су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Next Post

Сайрамда мектептер инфрақұрылымы мен білім сапасы талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz