gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырар ауданында су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды

1 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Отырар ауданында су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды
Share on FacebookShare on Twitter
Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов «Қазсушар» РМК Отырар аудандық бөлімі және төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен бірге аймақтағы Сырдария мен Арыс өзендерінің бойындағы су басу қаупі бар орындарды аралап, Сарыкөл, Ызакөл, Көксарай, Шеңгелді, Маяқұм ауылдарындағы су қашыртқыларының жағдайымен танысты. Елді мекендерге баратын «Көксарай», «Есіркеп», «Маяқұм» каналдарының құяр басындағы тоспалар мен тоғандардың жай-күйі бақылауға алынып, су тасқынының алдын алу жұмыстары пысықталды.
Қаңтар айындағы қардың қалың түсуі мен күннің күрт жылуы өзен арналарындағы ағын судың молаюына алып келеді. Аудан басшысы жауапты мамандарға су шаюы мүмкін аймақтарды анықтап, тиісті шараларды ұйымдастыруды тапсырды.
— Алдағы күндері жауын-шашын көп болады деп күтілуде. Бұл жағдайлардың барлығы өзен арналарындағы су көлемінің артуына алып келетіні белгілі. Сондықтан біз сақтық шараларын қолға алып, мол суды тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыруымыз керек. Сондай-ақ арнайы техникалар мен қажетті құрылғылар тексеріліп, жұмысқа дайын тұруы қажет, – деген аудан басшысы ауыл әкімдеріне өзен бойында орналасқан елді мекендердің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су өткізуге арналған ішкі арықтарға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Previous Post

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылады

Next Post

Түркістан қаласында «Жайлы мектеп» жобасымен 7 мектеп салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz