gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласында «Жайлы мектеп» жобасымен 7 мектеп салынады

1 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан қаласында «Жайлы мектеп» жобасымен 7 мектеп салынады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында мәдени-спорттық, туристік және өзге де ғимараттар салынды. Қала жаңа өрлеу дәуірін бастан өткеріп жатыр. Нәтижесінде халық саны да артып, қосымша мектептер қажеттілігі артуда.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан қаласында 7 мектеп салынады. Бұл жайында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласы тұрғындарымен кездесуінде айтты.
— Біз білім саласын дамытуға басымдық беріп отырмыз. Осы сала реттеліп, білімді жастар өссе, өзге мәселелер де шешіледі. Мәселен, «Жайлы мектеп» жобасымен шаһардың «Әкімшілік-іскерлік орталығында» 2 000 орындық 3 мектептің, «Яссы» мөлтек ауданында 1 200 және 900 орындық 2 мектептің, «Отырар» және «Бекзат» мөлтек аудандарында 1 200 орыннан 2 мектептің құрылысын жоспарлап отырмыз.Бұл мектептер алдағы екі жылда пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 500 орындық жатақханасы бар жалпы 700 орындық «Дарын» мектеп-интернатының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, биыл қалада қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде білім беретін жаңа үлгідегі «НҰРОРДА» халықаралық мектебі салынатын болады, — деді Дархан Амангелдіұлы.
Previous Post

Отырар ауданында су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды

Next Post

Түркістаннан Дубай мен Антальяға тікелей рейстер ашылуы мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz