gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заң жобасы дайындалып жатыр

1 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Бос жатқан жерлерге су келе бастады
Share on FacebookShare on Twitter

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласы тұрғындарымен кездесу жиынында айтты.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды биылға жоспарланған халықпен кездесуін облыс орталығынан бастады. Ел алдында есеп беру жиынында аймақ басшысы алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, халықпен кездесулердің нәтижесімен бөлісті. Сондай-ақ өткен жылдан бері өңірде жүзеге асып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы жоспарларын айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне жасаған жұмыс сапарында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырған еді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар басталып кетті. Бүгінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы дайындалып жатыр. Осы заң қабылданған соң, қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша құзыреттер берілетін болады. Бұл тұрғындардың күрделі мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы, сауда және қызмет көрсету сұрақтары қала деңгейінде дербес шешілетін болады», – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

«Ақжайық» музыкалық мектебінде өткен әкімнің халыққа есеп беру кездесуіне 500-ден астам түркістандық келді. Оның 100-ге жуығы – жастар. Сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылған жиында аймақ басшысы Түркістанның еліміздің рухани және тарихи орталығына айналу жолында жүзеге асатын маңызды шараларға тоқталып, дамудың түрлі салалары бойынша көрсеткіштерді мәлім етті.

Previous Post

Түркістаннан Дубай мен Антальяға тікелей рейстер ашылуы мүмкін

Next Post

Биыл Түркістан қаласында көпбалалы 500 отбасына пәтер беру жоспарланып отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz