gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайлауға 14 мыңнан астам үміткер ұсынылды

10 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайлауға 14 мыңнан астам үміткер ұсынылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтылды.
19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 14 мыңнан астам кандидат ұсынылды. Олардың 12 мыңнан астамы бір мандаттық округтар бойынша, яғни қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардан және өзін-өзі ұсынғандар. Қалғаны партиялық тізіммен ұсынылды. Партиялық тізім бойынша ұсынылғандар 69 мандатқа, мажоритарлық жүйеде ұсынылғандар 29 мандат бойынша додаға түседі.
«Мәжіліс депутаттығына 7 партиядан партиялық тізіммен 283 кандидат ұсынылып отыр. Мәжіліске мажоритарлық округ бойынша жалпы саны — 609 кандидат. Барлық деңгейдегі мәслихаттар бойынша 119 партиялық тізім болды. Аталған тізімде 1 471 кандидат бар. Мажоритарлық округтер бойынша мәслихаттарға — 11 844 кандидат. Жалпы есепті қарайтын болсақ, Мәжіліс пен мәслихаттар бойынша 14 207 кандидат ұсынылды», — деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін комиссия отырысында.
Айта кетейік, Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатысады.
Оның ішінде партиялық тізім арқылы Қазақстан халық партиясынан — 52, Ақ жол партиясынан — 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан» — 18, «Ауыл» партиясынан – 25, Respublica партиясынан – 25, AMANAT партиясынан – 90 кандидат. Кандидаттардың жалпы саны – 283.
Орталық сайлау комиссиясына кандидаттардың атынан тапсырылған құжаттар «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сай келеді.

Previous Post

Кентауда көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 130 тонна дизель отыны бөлінді

Next Post

Мәжіліс сайлауы: Тағы 37 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz