gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 130 тонна дизель отыны бөлінді

10 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 130 тонна дизель отыны бөлінді
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласы әлеуметтік-экономикалық жағынан да жылдан-жылға дамып келеді. Айталық, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 41 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 10 млрд. теңгеге артық. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 30 млрд. теңгені құрады. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш  53,3 млрд. теңге болатын.

Сонымен қатар, қалада құны 3 млрд. теңгені құрайтын жаңа2 инвестициялық жоба, атап айтар болсақ, кірпіш және темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттар іске асырылды. Нәтижесінде, 80 жаңа жұмыс орны ашылды.Алдағы екі жылда 5 млрд. теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Нәтижесінде, Керамзит-кірпіш зауытының құрылысын және Ансай кен орнының барит кендерін өнеркәсіптік игеру жобалары бойынша 420 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Ал, ауыл шаруашылығы саласында былтыр 12 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген.Оның ішінде мал шаруашылығы – 5 млрд. теңге. Егіс көлемі 2,5 мың гектарға орналастырылып, өсімдік шаруашылығының өндірілген өнімі 7 млрд. теңгені құрады. Осы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 130 тонна дизель отыны бөлінді.

Сонымен қатар, жалпы агроқұрылымдардың сұранысын ескере отырып, агро шаруашылығын субсидиялауға облыс бойынша 7,6 млрд. теңге бөлінді.Бұдан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 5 пайызбен тауар өндірушілерге  4,3 млрд. теңге бөлінді. Сала мамандарының мәлімдеуінше, дала жұмыстарына техникалардың дайындығы 81 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу бойынша қала әкіміне арнайы тапсырма берілді.

Кентау қаласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6 мыңға жетіп, оларда 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Кентау қаласы бойынша былтыр 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 189-ы тұрақты, ал 1 995-і уақытша жұмыстар болды.

«Еңбек» бағыты бойынша былтыр 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Бұл бағыттағы жоспар негізінен 4 058 болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 мыңнан астам жұмыс орыны ашылды. Нақты айтар болсақ, 1 238 жұмыс орны ашылды.

Жалпы Кентау қаласы тұрғындарының 40 мыңы экономикалық тұрғыдан белсенді болып табылады. Олардың 38 мыңы жұмыспен қамтылған. Қалада жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр. Сала мамандары бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, көрсеткішті бұдан да төмендету жоспарланғанын айтады. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар да жалғасын табуда.

Previous Post

Түркістан облысында 1 млн. гектар жер мемлекетке қайтарылды

Next Post

Сайлауға 14 мыңнан астам үміткер ұсынылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz