gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда 49 елді мекен тұрғындары ауыз суды 24 сағат тұтынуға мүмкіндік алды

5 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мақтааралда 49 елді мекен тұрғындары ауыз суды  24 сағат тұтынуға мүмкіндік алды
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында 69 елді мекеннің 67-сі, яғни 97,1 пайызы  орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл өңірдегі халық санының  99,6 пайызын құрайды. Ал, қалған 2 елді мекен, атап айтар болсақ Достық және Найман Бұхарбай елді мекендеріне әлі ауыз су құбыры тартылмады.

Есепті кезеңде республикалық бюджеттен 3 нысанның, атап айтар болсақ, Атакент, Береке, Иіржар елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерінің құрылысына бюджеттен 113,9 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұйыртса, биыл аталған нысандарда тиісті жұмыстар толығымен аяқталып, нысан пайдалануға берілетін болады.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 35,2 млн.теңге бөлініп, 5 елді мекеннің, атап айтар болсақ, Азат, Дихан, Атамұра, Бахыт, Тұлпар елдімекендердегі ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде былтырғы жылдың қорытындысы бойынша айтар болсақ, аудандағы 49 елді мекен тұрғындары таза ауыз суды  24 сағат тұтынуға мүмкіндік алды. 18 елді мекенге ауыз су кестеге сәйкес беріле бастады. Жаңажол және Азаттық елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сөйтіп, оған республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсыныс тасталды. Жалпы аталған нысандардың сметалық жобалық құны құны – 981,8 млн. теңге.

Қазіргі таңда Атакент кентінің (2-бөлігі), Өркениет, Игілік, Арайлы және Ақжол елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында нысандардың жобалық-сметалық жобалық құжаттамалары әзірленуде. Бұйыртса, сараптама қорытындысы ағымдағы жылы алынатын болады.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 831 елді мекеннің 719-ы, яғни 86,5 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елдімекен ауызсуды бұлақ көздерінен алады. Ал, 11 елді мекен ашық су көздері арқылы тұтынады. Қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін ауыз судың орташа тариф құны – 64,97 теңге. Бюджеттік мекемелер үшін – 125,3 теңге. Өнеркәсіп және коммерциялық ұйымдар үшін – 129,5 теңге. Биыл 831 елді мекеннің 736-сын немесе 88,6 пайызын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Previous Post

Заманауи жылу орталығын салуға қызығушылық танытқан инвесторлар көп

Next Post

Серік Жұманғарин Түркістан облысының жылыжай иелерімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz