gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыс қаласында геологиялық барлау жұмыстарын қажетті елді мекендер көп

12 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Арыс қаласында геологиялық барлау жұмыстарын қажетті елді мекендер көп
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласында 32 елді мекен бар. Онда 78886 адам тұрады. Сол елді мекендердің25-і, яғни 78483 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл аудан халқының  99,3 пайызын құрайды. Шалғайда орналасқан 7 елді мекен құдық суымен қамтылған. Ол 7 елді мекенді 403 адам мекендеген.

Арыс қаласының тұрғындарын 3 мекеме ауыз сумен қамтамасыз етеді. Атап айтар болсақ, «Оңтүстік ауыз су» филиалына қарасты «Арыс топтастырылған су жүйесі» өндірістік  бөлімшесі 4 елді мекендегі  47954 халықты, 10590 абонентті қамтыған. Ал,  «Теміржолсу-Арыс» ЖШС-гі  5 елді мекендегі 10500 халықты, 2100 абонентті қамтуда. «Ақаба Сервис» ЖШС-гі 16 елді мекендегі, 20029 халықты, 4005 абонентті ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Бүгінгі таңда қалада құрылыс-монтаждау жұмыстары  жүргізіліп жатқан нысандар саны – бесеу. Олардың барлығы биылғы жылға өтпелі нысандар болып табылады. Сонымен қатар, қазір қаланың ішкі жүйелеріне су құбырларын жүргізу үшін 4 нысанның жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, сараптама қорытындысы алынды.

Реті келгенде өңірде геологиялық іздеу-барлау жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстардың да барысына тоқтала кетсек. Арыс қаласы бойынша 2015-2021 жылдар аралығында 8 елді мекенгежер асты су қорлары барланып, пайдалануға берілді. Атап айтар болсақ, олар: Екпінді, Шөгірлі, Көкжиде, Орманшы, Аққала, Шағыр, П.Арапов, Ақдала елді мекендері.Бүгінгі таңда Арыс қаласы бойынша геологиялық іздеу-барлау жұмыстары қажетті елді мекендер тізімі нақтыланып, тиісті мекемеге хат жолданды. Оларды да атай кетсек:Қаражантақ, Монтайтас, Қабылсай, №42 Разьезд, Бақырша, Көкжиде, Байырқұм елді мекендері.

Previous Post

Түркістан облысында қоян өсіруді кәсіп еткен ақ жаулықты ана тұрады

Next Post

Мақтааралда 57 көшеге асфальт, тас төселеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz