gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда 57 көшеге асфальт, тас төселеді

12 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мақтааралда 57 көшеге асфальт, тас төселеді
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында былтырғы жылы түрлі бюджеттерден бөлінген қаржыларға сәйкес жалпы аудандық маңызы бар жолдар (2 нысан 2,58 шақырым) мен елді мекендердің ішкі көшелері орташа (56 көше (46 нысан) 46,54 шақырым) және ағымдағы жөндеуден (6 нысан 4,24 шақырым) өткізілді.Атап айтсақ:Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 440 млн теңгеге ұзындығы 21,64 шақырымды құрайтын елді мекендердің 27 ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни, асфальт төселді. Оның ішінде 22 көшенің жол негізі әзірленіп, 22 көшеге асфальтбетон жамылғысы төселді. 6,3 шақырымды құрайтын 5 нысандағы құрылыс жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Бұйыртса, аталған жұмыстар биылғы жылы толығымен аяқталатын болады.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 74 млн теңгеге ұзындығы 4,16 шақырымды құрайтын 4 ішкі көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралды. Асфальт төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілетін болады. Қосымша қажетті қаржы 21,8 млн теңгені құрауда.

Автомобиль жолдары саласын дамыту бойынша жергілікті бюджеттен (субвенция) құны 309,2 млн. теңгеге ұзындығы 20,7 шақырымды құрайтын елді мекендердің 25 ішкі көшелеріне орташа жөндеу, асфальт төсеу  жұмыстарына қаржы бөлінген. 25 көшенің барлығына асфальтбетон жамылғысы төселді. Қосымша қажетті қаржы 104,4 млн теңгені құрауда.

Жергілікті бюджеттен 15 млн теңгеге ұзындығы 4,24 шақырымды құрайтын 6 ішкі көшеге ағымдағы жөндеу, яғни тас төсеу жұмыстарына қаржы бөлінген. Қосымша қажетті қаржы 3,024 млн теңгені құрайды. Тас төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.

Аудандық маңызы бар Шұғыла (1,98 шақырым) және Жаңатұрмыс (0,6 шақырым) елді мекендеріне кіреберіс автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына 68,8 млн. теңге қаржы қаралып 2,58 шқ жолға асфальтбетон жамылғысы толық төселді.

Енді биыл жол құрылысы саласы бойынша атқарылатын жұмыстардың барысына тоқталсақ. Мәселен,Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 923 млн теңгеге 42,6 шақырымды құрайтын елді мекендердің 57 ішкі көшелеріне орташа жөндеу, яғни асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Асфальт төсеу жұмыстары 2023 жылы жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.

Облыстық бюджеттен 21,5 млн теңгеге ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын 1 ішкі көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралды. Асфальт төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілетін болады. Нысан 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі. Асфальт төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасын табатын болады.

Автомобиль жолдары саласын дамыту бойынша жергілікті бюджеттен (субвенция) құны 389,6 млн. теңгеге ұзындығы 23,9 шақырымды құрайтын елді мекендердің 30 ішкі көшелеріне орташа жөндеу, яғни асфальт төсеу жұмыстарына қаржы бөлінген. Оның ішінде құны 62 млн теңгені құрайтын, ұзындығы 7 шақырым болатын 10 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Аталған нысандардағы атқарылуы тиіс жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын табатын болады.

Жергілікті бюджеттен 30 млн теңгеге ағымдағы жөндеу, тас төсеу жұмыстарына қаржы бөлінген. Оның ішінде құны 3,02 млн теңгені құрайтын 2 нысан 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі. Мұндағы тас төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.

Previous Post

Арыс қаласында геологиялық барлау жұмыстарын қажетті елді мекендер көп

Next Post

Кентауға қарасты ауылдар ауыз сумен толық қамтылатын болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz