gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйесі қатаң қадағалауға алынған

2 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйесі қатаң қадағалауға алынған
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының облыс орталығы болған уақыттан бері үлкен құрылыс алаңына айналғаны белгілі. Қазіргі таңда қаланың дамуы бекітілген бас жоспарға сәйкес жүзеге асып келеді. Қолданыстағы заңға сәйкес, барлық нысандар техникалық қадағалаушы және авторлық бақылаушы мекемелердің қортындысына сәйкес қабылданады. Құрылыс нысандарының сапасына қатысты қандай да бір мәселе туындаған жағдайда шұғыл назарға алынып, қалпына келтірілуі жүйелі жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда осы мақсатта «Жаңа қала» аумағында екі бекет ашылып, жедел әрекет ету бригадалары елге қызмет етуде.

Қазір қыс ауасы болғандықтан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы жылу қазандықтары мен бірқатар құрылыс нысандарының жұмысын қатаң бақылауға алуда. Айта кетейік, жыл басынан бері жедел әрекет ету орталығының көмегіне 397 қоңырау түскен. 136 өтініш бойынша мердігер мекеме тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. «Түркістан Жылу» мекемесіне қатысты 124 өтініш қаралып, қажетті жұмыстар мерзімінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жедел әрекет ету бригада құрамында газ, су, жарық және тазалық мәселелеріне жауапты мамандар бар.

Құрылыс басында мердігер мекеме өкілдерімен кездескен қала басшысы ескертулердің орындалуы бойынша есеп алып, мерзімінен кешіккен құрылысшыларға заңға сәйкес шара қолданылатынын еске салды. Былтыр әкімдік тарапынан кепілдік мерзіміне сәйкес 52 мердігер мекемеге ескерту берілген. 33 мердігер мекеме ұсынылған кемшіліктерді қалпына келтірді.  Міндеттемесін орындамаған 19 мердігерге заңға сәйкес шара қолданылып, 9,5 млн. теңге айыппұл салынды. 15 мердігер мекеме Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы басқармасына (гаск) шара қолдануға ұсынылды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей қала әкімі жылу қазандықтарының жұмысын да қатаң бақылауға алған. Әсіресе пайдалануға жаңа берілген көпқабатты үйлердің жылуы қатаң қадағалануда. Айта кетейік, бүгінде қала бойынша І- мөлтек ауданда — 58, ІІ- мөлтек ауданда — 15, «ТГЖД» аумағында — 2, «Отырар» мөлтек ауданында — 38, Әкімшілік-іскерлік орталығында — 42, жалпы көпқабатты 155 тұрғын үй (7798 пәтер) орталық жылу қуатымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, І-мөлтекауданда 28 бюджеттік пен 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйлерде және мәдени-рухани орталығында 11 нысан орталық жылу қуаты арқылы жылытылады.Әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан жаңа көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі инженерлік коммуникациясы толық іске қосылғанша арнайы 2 мобильді жұмыс штабы құрылған.

 

Previous Post

Шалғайда орналасқан, халық саны тым аз елді мекендерде ауыз су мәселесі қалай шешіледі?

Next Post

Түркістан облысындағы су нысандарына әуеден бақылау жасалынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz