gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының 15 түрі облыста өндіріледі

11 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының  15 түрі облыста өндіріледі
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Түркістан» ӘКК» АҚ Тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева, Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы Абай Шенгелбаев,
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бауыржан Қалданов өз салалары бойынша осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Облыс тұрғындары өңірде өндірілетін құс етімен – 11,7%, жұмыртқамен 45% қамтамасыз етіледі. Осыған орай, құс шаруашылығын дамыту бағытында биылдан бастап 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жұмыстары жүргізілуде. Олар Ордабасы, Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш, Төлеби аудандарында орналасады.
Сондай-ақ, Түркістанда 2 өңдеу кәсіпорнына 100 тонна ұн және «Айналым схемасы» шеңберінде 1 кәсіпорынға 207 млн теңге несие берілген. Нәтижесінде, аталған кәсіпорындар нан бағасын 85 теңгеден сауда орындарына жеткізіп, тұтынушыға 90 теңгеден ұсынылады.
Айта кетейік, өңірде 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бойынша облыста жалпы 99,3 мың тонна қоры бар. Оның 15 түрі облыста өндіріледі. Қант, рожки, қарақұм жармасы мен күнбағыс майы көрші өңірлерден тасымалданады.
Соңғы аптадағы мәлімет бойынша, өңірдегі әлеуметтік дүкендерде 1 келі ұнның бағасы 200 тг, қант 480 тг, күріш — 380 тг болған.
Брифингте жауаптылар журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Previous Post

Кентау қаласының келбеті жаңара түсуде

Next Post

Түркістан облысында қоян өсіруді кәсіп еткен ақ жаулықты ана тұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz